Прокуратура Талғар тұрғындарын митингіге қатысса қылмыстық жауапкершілікке тартамыз деп ескертті
Алматы облысының прокуратурасы облыс тұрғындарына заңсыз митингілер ұйымдастыру мен оларға қатысудың салдары туралы ескертетін үндеу жариялады.
Басқарма жиналыстар, митингілер мен пикеттер сияқты бұқаралық іс-шараларды өткізу «Бейбіт жиындарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заңмен қатаң реттелетінін еске салды.
"Мұндай әрекеттер ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 400-бабына сәйкес қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады", делінген прокуратурада түсініктемесінде.
Кеше Талғарда Шерзат Болаттың әкесінің ұсталды. Оған жерлеу кезінде «қоғамдық тәртіпке және басқалардың, соның ішінде кәмелетке толмаған балалардың қауіпсіздігіне қауіп төндірді» деген айып тақты. Бұған оның туыстары келіспей отыр.
10 желтоқсан күні түнде Алматы облысы полиция департаменті Қаржаубай Нұрымовтың ісі сотқа өткенін хабарлады.
Айта кетейік,Талғар ауданында 16 жастағы Шерзат Болаттың өлімі қоғам арасында резонанс тудырды. Оны 4 қазанға қараған түні бір топ жігіт әке-шешесінің көзінше ұрып, пышақтап өлтіріп кетті. Қылмыс жасады деген күдікпен 11 адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бірнеше күннен кейін, 12 қазанға қараған түні Азат ауылында Шерзат Болаттың отбасының үйі өртенді. Бас прокуратура үйді өртеп жіберген жауаптыларды табуға уәде берді.
Кейін желіде «Хутор бригадасының» басшысы атанған Хасан Қасымбаев мәлімдеме жасады. Ол Талғар тұрғындарының өзі туралы жазған желідегі пікірлерін жалған деп атады. Содан соң Хасан Қасымбаевтың өзі ұсталып, екі айға қамалды. Бірақ ІІМ оның басқа іс бойынша қамалғанын мәлімдеді.
9 желтоқсанда Шерзаттың ағасы Нұрғанат Ғайыпбаевтың қайтыс болғаны белгілі болды.
"Ақпараттарға сәйкес, ол өз өзіне қол салған. Марқұм биыл 4 қазанда қаза тапқан Шерзат Болаттың ағасы екені анықталды. Факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта барлық мән-жайды анықтау үшін тергеу амалдары жүріп жатыр. Тергеу барысында криминалдық сипаттағы қандай да бір іс-әрекеттер анықталмады", - делінген хабарда.
Бірақ туыстары оның өз-өзіне қол жұмсағанына сенбейтінін мәлімдеді.
11 желтоқсанда Қаржаубай Нұрымовтың «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша 15 тәулікке қамауға алынғаны белгілі болды. Сондай-ақ Нұрымованың әпкесіне ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Сонымен қатар, Нұрымовтың немере қарындасы бейбіт жиындарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнаманы бұзғаны үшін 15 тәулікке қамауға алынып, кейін Қазақстаннан депортацияланды.