Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:13, 29 Шілде 2024

Прокурор Думан Мұхаммедкәрімді 7 жылға соттауды сұрады

в
Фото: KazTAG

Прокурор Думан Мұхаммедкәрімді 7 жылға бас бостандығынан айыруды және 3 жылға саяси қызметпен айналысуға тыйым салуды сұрады. Бұл туралы адвокат Мұрат Жолшиев хабарлады.

29 шілде Қонаев қаласындағы сотта журналист әрі белсенді Думан Мұхаммедкәрімге қатысты пікірталастар басталды.

Бұған дейін  Думан Мұхаммедкәрім денсаулығы нашарлап Қонаев қаласындағы көпсалалы ауруханаға жатқызылған болатын.

Айта кетейік, журналист Мұхаммедкәрім өткен жылдың маусым айынан бері "экстремизмді қаржыландырды" және тыйым салынған ұйымға "қатысты" деген айыппен қамауда отыр.

Оның соты 12 ақпанда жабық есік жағдайында басталды. Журналист соттың ашық өтуін талап етіп, аштық жариялаған.

Думан Мұхаммедкәрім өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарады.