Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:04, 24 Желтоқсан 2019

Прокурор: Қызылағаштың жігіттері ертең босап шығады

Бүгін Алматыоблысы Ақсу аудандық сотында қытай жұмысшыларын соққыға жықты деп айыпталған 5 азаматқа қатысты кезекті сот отырысы 5-ақминутқа созылды.

Адвокат Төлеген БЕРЛІҚОЖА жәбірленуші қытай азаматтарыныңсотқа келмеуіне байланысты қылмыстық іс жүргізу кодексінің 382-бабы, 3-бөлімінесәйкес істі қысқарту тәртібімен қарауды сұрады. Мемлекеттік айыптаушы менсотталушылардың келісімін алған судья бұл өтінішті қабыл алып, келесті отырыстыертеңге белгіледі.

Алайда, қолдаубілдіру үшін арнайы келген белсенділер сотталушылар мінген көліктің жолынбөгеп, қазақ азаматтарын босатуды және сот қазір өтсін деген талап қойды. Наразылықтыңарты толқуға ұласауы мүмкін деп қауіптенген арнайы жасақ та келді. Сондай-ақ,Ақсу аудандық прокурорының орынбасары Әділет АСҚАРҰЛЫ халыққа басу айтты.

«Жерлестер, барлықтарыңыз білесіздер. Жаңа естідіңіздер,сот процесі ертеңге қалды. Уақыт керек. Ертеңгі процестен кейін жігіттер сотзалынан босап шығады. Сондықтан, заңға бағынайық, қоғамдық тәртіпті бұзбайық»,-дедіаудан прокурорының орынбасары.

Қытай азаматтарынсоққыға жықты деп айыпталған 5 азаматқа қатысты сот процессін судья ЖадыраЗАРЫҚПАЕВА жүргізіп жатыр. Желтоқсанның 20-да өткен алғашқы отырысқа 100- гежуық адам жиналып, залға сыймағандықтан монитор арқылы бақылаған болатын. Айтакету керек, 2 отырысқа да жәбірленуші қытай азаматтары келген жоқ. ҚорғаушыТөлеген Берліқожа бастаған сотталушының жақтастары судьяға бірнеше өтінішжасаған. Олардың негізгісі сотталушыларды кепілмен босату және үйқамаққажіберу. Дегенмен, судья, әзірге бұл өтініштерді қанағаттандырған жоқ.

Еске салайық, Ақсу ауданында жол салып жатқан “Citic Construction” компаниясындағы қазақ пен қытай жұмысшыларыныңарасындағы төбелес қазан айының басында болған. Аталған компанияда жұмысістеген этникалық қазақ азаматы қытай жұмысшыларының жабылып соққыға жыққанынайтқан. Мұны естіген жақын маңдағы Қызылағаш ауылының тұрғындары – БерікболРЫСАЛДИНОВ, ағайынды Бейбіт жіне Нұрбол МҰХАМЕТАЛИН, Еркін мен Сарқыт САЛХАНОВТАРқытайдың 20-ға жуық азаматын соққыға жыққан. Оның 11-жеңіл, 3-орташажараланған. Полиция бұл іске қатысты 293-баптың 3-тармағы бойынша іс қозғады.

Тегтер: