Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 10:15

Прокурор журналист Олег Гусевке 4 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады

Олег Гусев
Фото: ашық дереккөз

Сотта журналист Олег Гусевке қатысты айыптау тарапы 4 жыл түрме жазасын тағайындауды талап етті.

Олег Гусев 2023 жылы Алматыдағы «Кенжехан» базарының жаңа иелері мен сауда орындарын жалға алушы кәсіпкерлер арасындағы дау жөнінде мақала жариялаған. Сол материалда тараптардың біріне қатысты азаматтың жеке және отбасылық құпиясына жататын деректерді ашты деп айыпталуда. Атап айтқанда, журналист әлгі адамның бірнеше рет сотталғанын көрсеткен.

Айыптау тарапы бұл мәліметтер жәбірленушінің іскерлік беделіне нұқсан келтіру мақсатында әдейі жарияланған деп есептейді.

Ал Гусев бұл айыптауларды жоққа шығарады. Оның айтуынша, жәбірленушінің сотталғаны туралы ақпаратты ол сот кабинетінен алған және өз әрекетін заң аясында жасадым деп санайды.

Тегтер: