ПСЖ-ның жаңа бапкері Неймар туралы шешім қабылдады

ПСЖ-ның негізгі құрамасының бірнеше футболшысына команданың бапкері Луис Энрике мен клубтың спорт директоры Луис Кампос жаңа маусымда үміт артпайтынын білдірген.
Бұл туралы Championat.com хабарлады.
Бұл туралы RMC Sport хабарлайды.
Дереккөздің хабарлауынша, бапкер мен спорт директоры шабуылшылар Неймар мен Уго Экитикаға, жартылай қорғаушылар Марко Верратти мен Ренат Санчешке және қорғаушы Хуан Бернатқа бұл туралы айтқан.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Неймар мен Верраттидің ПСЖ-дағы жаттығуларының бірін өткізіп алғаны хабарланған болатын. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, итальялық жартылай қорғаушы Сауд Арабиясы чемпионатынан клубқа ауысуға жақын. Сыбыстарға қарағанда, Неймар мансабын америкалық МЛС-те жалғастырғысы келеді.