Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:02, 08 Тамыз 2023

ПСЖ шабуылшысы Неймар жазғы трансферде клубтан кетеді

None
None

Бірқатар сенімді дереккөздердің хабарлауынша, 31 жастағы бразилиялық осы жазда клубын ауыстырады.

  Сондай-ақ желіде бұл трансфер «Барселона» ойыншысы Усман Дембеленің ПСЖ-ға ауысқаннан кейін көп ұзамай жүзеге асады деген ақпарат бар.

«Катарлық шейх және журналист Мабхауте Аль-Марридің айтуынша, Неймар 6 жылдан соң қайтадан католондық клуб формасын киеді.

Бұл инсайдер Лионель Мессидің «Интер Майамиге» ауысқаны туралы бірінші болып хабарлады. Оның ПСЖ мен „Барселонада“ сенімді адамы бар және Жоан Лапортамен достық қарым-қатынаста», — деп жазады испандық Mundo Deportivo басылымы.

Сенбі күні түстен кейін Неймар өзінің Instagram-дағы профилінен париждік клубтың ойыншысы екендігі туралы ақпаратты алып тастады, бұл әлеуметтік желілерде өте белсенді футболшы үшін өте оғаш іс.

Сондай-ақ, ПСЖ каталондық клубтың 26 ​​жастағы шабуылшысы үшін трансферлік келісімнің бөлігі ретінде Неймарды қайтаруға дайын екені хабарланды. Испанияға оралу үшін бразилиялық та жалақысын қысқартуға дайын.

Тегтер: