Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 13:48

Путин АҚШ-қа 800 млн долларға уран сатқанын мәлімдеді

уран
Фото: из открытых источников

Шетелдік БАҚ-тың  санкцияға қарамастан Ресей АҚШ-қа уран сатып жатыр деп жазғаны шындыққа айналып келеді. 

«Биыл алғашқы жарты жылда АҚШ-қа 800 млн доллардан астам уран саттық. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш миллиард доллардан асады деп ойлаймын. Қазір 2026 жылы бұл 800 млн доллардан астам болады деп қарастырылып жатыр. Сондықтан жұмыс жалғасады. Америкалықтар тиімді болғандықтан біздің уранды сатып алады және дұрыс істейді», - деді Путин.

Кремль басшысының айтуынша, Ресей АҚШ-қа уран жеткізушілер арасында екінші орында тұр және бұл елдің жалпы импорт көлемінің шамамен 25 пайызын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар ол Дональд Трамптың «егер 2022 жылы АҚШ президенті өзі болғанда, Ресей мен Украина арасында соғыс болмас еді» деген пікірін құптайтынын атап өтті.

Айта кетейік, Ресей байытылған уранды жеткізу бойынша АҚШ-тың ең ірі серіктесі мәртебесін сақтап отыр.

 Бұл уран америкалық атом электр станцияларында пайдаланылады, деп жазды Bloomberg.

АҚШ Энергетика министрлігінің есебіне сәйкес, Ресей 2025 жылы елдегі атом реакторларында қолданылған байытылған уранның 20%-ын қамтамасыз еткен. 2023 жылы бұл көрсеткіш 27% болған.

Тегтер: