Путин Астанада саммиттен тыс келіссөздер өткізуді жоспарлап отыр
Ресей президенті Владимир Путин Астанада басқа президенттермен бірқатар екіжақты келіссөздер өткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Кремльдің баспасөз қызметі хабарлады.
«3-4 шілдеде Владимир Путин Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше-мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін Қазақстанға барады. Сондай-ақ Астанада Ресей Федерациясының Президенті саммитке қатысушы мемлекет басшыларымен бірқатар маңызды екіжақты келіссөздер жүргізуді жоспарлап отыр», - делінген сейсенбідегі хабарламада.
Бұл ретте Ресей президенті Түркия басшысы Режеп Ердоғанмен Украинадағы қақтығысты реттеу мәселесін талқылауды жоспарлаған.
3-4 шілдеде ШЫҰ-ға мүше елдердің басшылары ұйым аясындағы көп қырлы ынтымақтастықты одан әрі тереңдету және оның қызметін жетілдірудің жай-күйі мен перспективаларын талқылайды. Ағымдағы халықаралық және өңірлік мәселелер бойынша пікір алмасу болады.
Кездесу қорытындысы бойынша Астана декларациясына және басқа да бірлескен құжаттарға қол қойылатыны айтылған.
Айта кетейік, 2 шілде күні Қазақстанға ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин келген болатын.