10:55, 13 Қазан 2022
Путин Астанаға келді
Ресей президенті Владимир Путин Астанаға келді, — деп хабарлайды Жас Алаш.
Елорда әуежайында Ресей басшысын Премьер-министр Әлихан Смайылов күтіп алды.
Бүгін Астанада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің 6-саммиті өтеді. Бұл халықаралық форумға Әзербайжан, Ирак, Иран, Қазақстан, Катар, Қырғызстан, Палестина, Ресей, Тәжікстан, Түркия және Өзбекстан басшылары, Вьетнам вице-президенті мен Қытай вице-президенті қатысады. Саммит барысында ынтымақтастықтың өзекті мәселелері мен ұйымның негізгі басымдықтарын талқылау жоспарланып отыр.