Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 09:48

Путин Днепрге «Орешник» баллистикалық зымыранымен соққы жасағанын хабарлады

Путин
Фото: kremlin.ru

Владимир Путин ресейлік әскерлер орта қашықтықтағы жаңа «Орешник» баллистикалық зымыранын сынақтан өткізгенін хабарлады. Бұл туралы ол 21 қарашада жарияланған үндеуінде айтты.

Путиннің айтуынша, Ресей Днепр қорғаныс өнеркәсіп кешені нысанына ядролық емес гипер дыбысты баллистикалық зымыран ұшырды.

Сондай-ақ, Ресей президенті қазіргі уақытта «Орешник» зымырандарына қарсы тұру мүмкін емес екенін айтты.

«Зымыран нысанаға максималды 10 мах жылдамдықпен соққы жасайды, бұл секундына 2,5-3 шақырым дегенді білдіреді. Әлемдегі заманауи әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері мен америкалықтар және Еуропада жасап жатқан зымыранға қарсы қорғаныс жүйелері зымырандардың бұл түрлерін ұстай алмайды», - деді Путин.

Ресей президентінің айтуынша, Ресей бұл зымырандарды Украина Қарулы Күштерінің қарашаның 19-ы мен 21-і күндері Брянск және Курск облыстарындағы нысаналарға ATACMS және Storm Shadow зымырандары арқылы жасаған шабуылына жауап ретінде атқан. Путин УҚК шабуылы кезінде Курск облысындағы командалық пункттер арасында қаза тапқандар мен жараланғандар болғанын, бірақ Брянск облысына жасалған шабуылда ешкім зардап шекпегенін айтты.

Путин «Орешникті» қолдануды АҚШ-тың орта және қысқа қашықтықтағы зымырандарды жасау және сынақ жоспарларына жауап деп атады.

21 қараша күні таңертең Ресей Қарулы Күштері Днепропетровск облысына зымырандардың бірнеше түрімен, атап айтқанда, құрлықаралық баллистикалық зымыранмен шабуыл жасады, деп хабарлады Украина Әскери-әуе күштері. Бұл құрлықаралық баллистикалық зымыранның әскери мақсатта пайдаланылуы тарихта бірінші рет болды.

Тегтер: