Путин Кремльде Назарбаевпен кездесті
28 желтоқсанға қараған түні Ресей президенті Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевты Кремльде қабылдады. Видео Кремльдің ресми арналарында жарияланды, кездесудің мазмұны жайлы ресми тарап егжей-тегжей айтпады.
Бұл Назарбаевтың биыл Путинмен екінші рет кездесуі. Бұған дейін олар 2025 жылы мамырда кездескен.
Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы 19 наурызда халыққа үндеу жасап, президенттік өкілетін тоқтататынын мәлімдеді. 20 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаев ант беріп, президент міндетін атқаруға кірісті.
Назарбаев 2019 жылы президенттік өкілетін тоқтатқалы бері Путинмен кемінде 9 рет жүзбе-жүз кездескен.
Назарбаевтың 2023 жылы шыққан мемуарында («Моя жизнь. От зависимости к свободе») Путинге арнайы баға берілетіні туралы бірнеше агенттік хабарлады. Онда Назарбаев Путинді Ресейдің «тәртіп орнатқан», мемлекеттің беделін күшейткен көшбасшысы ретінде сипаттап, ең танымал тіркестердің бірі ретінде «сөздің де, істің де адамы» деген бағасын келтіреді.