Путин Курск аймағын Трамптың инаугурациясына дейін қайтарғысы келеді
Ресей президенті Владимир Путин Украина қарулы күштері басып алған Курск облысын 2025 жылдың 20 қаңтарында Дональд Трамптың АҚШ-тың 47-ші президенті ретінде ұлықтау рәсіміне дейін Ресейдің бақылауына қайтарғысы келеді.
Бұл туралы күні британдық The Telegraph газеті жазды.
Мұндай қадам Мәскеуге кез келген бейбіт келіссөздерге күшті позициямен кіруге мүмкіндік береді, дейді батыс дипломаттары. Басылымның хабарлауынша, Ресей армиясы 6 тамыздан бері украин әскерлері басып алған аумақтың жартысына жуығын бақылауға алған.
Британдық әскери барлау: РФ армиясы дрондармен шабуылдарды көбейтеді
Жақын күндері Ресей Федерациясы шекара маңындағы жаңа пилотсыз аэродромдарды пайдалана отырып, дрондар көмегімен Украина аумағына шабуылдарды күшейтуі мүмкін, деп жазады The Telegraph британдық әскери барлау қызметінің бағасымен танысып. Өз кезегінде украиналық сарапшылар Мәскеудің Курск облысындағы қарсы шабуылын Украинамен шекаралас Сумы облысына басып кіруге тырысатынын мойындады.
Бір күн бұрын америкалық The New York Times газетінің хабарлауынша, Ресей мен Солтүстік Кореяның 50 мың әскері Курск аймағында қарсы шабуылға дайындалып жатыр. Оңтүстік Корея, АҚШ және Украинаның бағалауы бойынша Украинаға қарсы соғысқа қатысу үшін КХДР-дан Ресей Федерациясы 8 мыңнан 12 мыңға дейін жауынгер әкелген.
Трамп пен Путин арасындағы кикілжің болуы мүмкін
Америкалық The Washington Post газеті қарашаның 10-ы күні Трамп пен Путиннің 7 қарашада болған телефон әңгімесі туралы жазған. Басылым сұхбаттастарының айтуынша, Ақ үйдің жаңа басшысы Ресей президентіне Украинадағы соғысты өршітпеуге кеңес беріп, АҚШ-тың Еуропадағы маңызды әскері барын еске салған.
Алайда Кремль әңгіменің болғанын жоққа шығарды. «Бұл таза фантастика, бұл жалған ақпарат», - деді Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.