Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:55, 19 Ақпан 2025

Путин мен Трамп ақпан айының соңына дейін кездесуі мүмкін

1
Фото: из открытых источников

Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ басшысы Дональд Трамп ақпан айының соңына дейін немесе одан кейін кездесуі мүмкін. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді.

Сонымен бірге, Песковтың айтуынша, Трамп пен Путиннің кездесуі Ресей Сыртқы істер министрлігінен белгілі бір дайындықты қажет етеді.

«Қазір мен үшін кеше талқыланған міндет, ең алдымен, реанимациямен, сосын АҚШ-тың бұрынғы әкімшілігі әдейі бүлдіріп, қазір аянышты жағдайда тұрған екіжақты қарым-қатынастарды қалпына келтірумен байланысты тақырып болса керек», - деді Песков журналистерге.

Ол сондай-ақ Путин АҚШ-тың кімді тағайындайтынына байланысты Украина бойынша Ресей Федерациясынан келіссөз жүргізушісін тағайындайтынын мәлімдеді.

"Біріншіден, америкалық тарап Украина мәселесі бойынша бізбен негізгі келіссөзші кім болатынын хабарлайды. Америкалық тарап өз тұлғасын бергеннен кейін оның кім болатынына байланысты президентіміз біздің өкіліміз туралы шешім қабылдайды, оның әріптесі кім болады", - деді Песков.

Тегтер: