“Путин мен Зеленский кездеспейді” - Ердоған

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның айтуынша, Ресей мен Украина басшылары әзірге тікелей кездесуге дайын емес. Бұл туралы ол Владимир Путин және Владимир Зеленскиймен сөйлескеннен кейін мәлімдеді.
Ердоған Қытайда өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитінде Ресей президентімен жүздесіп, Украинадағы соғыс мәселесін талқылаған. Ал оған дейін Түркия басшысы Украина президенті Зеленскиймен телефон арқылы сөйлескен болатын.
Бұған дейін Ресей президентінің сыртқы саясат жөніндегі көмекшісі Юрий Ушаков Қытайда өтіп жатқан ШЫҰ саммитінде журналистердің сұрағына жауап бере отырып Путин мен Зеленскийдің кездесуі туралы: "Менің білуімше, Путин мен Трамп арасында мұндай келісім жасалған жоқ", - деген еді.
Айта кетейік, бұған дейін Дональд Трамп Владимир Путин мен Владимир Зеленскийдің бейбіт келіссөздер өткізуге дайын екенін мәлімдеді. Кейіннен кездесу орындары ретінде бірнеше қаланың атын аты аталды. Содан соң Трамп екі ел басшысының кездесуінен соң үш жақты келісім өтетінін де айтты. Зеленский "жер мәселесін Путинмен жеке кездесуде талқылаймыз" деп мәлімдеген болатын.