Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 16:31

«Путин өз мақсаттарына жете алмады»: Зеленский Украинадағы соғыстың төрт жылдығына жазба жариялады

Зеленский
Фото: Genya Savilov / AFP / Scanpix / LETA

«Бүгін Путиннің Киевті үш күнде аламын дегеніне тура төрт жыл толды. Бұл біздің қарсылығымыз, Украина халқының осы уақыт бойы қалай күресіп келе жатқаны туралы көп нәрсені аңғартады.

 Бұл сөздердің артында – миллиондаған адам, зор батылдық, ауыр еңбек, төзім және 24 ақпаннан бері Украина жүріп өткен үлкен жол тұр.

Басқыншылықтың алғашқы күндерін еске алып, бүгінгі жағдайға қарап, біз нық сеніммен айта аламыз: біз тәуелсіздігімізді қорғадық, мемлекеттілігімізді сақтап қалдық. Путин өз мақсаттарына жете алмады. Ол украиндарды сындыра алмады, бұл соғыста жеңіске жеткен жоқ. Біз Украинаны сақтап қалдық және бейбітшілік пен әділдікке қол жеткізу үшін бар күшімізді саламыз. Даңқ Украинаға!», – деп жазды ол өзінің Telegram-арнасында.

Зеленский сондай-ақ Украина Президенті офисінің қазіргі көрінісін көрсетті.