Путин Ресейде запастағы жауынгерлерді шақыру туралы жарлыққа қол қойды
Владимир Путин ресейліктерді әскери дайындыққа запасқа шақыру туралы жарлыққа қол қойды. Мәтіннен қанша запастағы жауынгерді шақыру және қанша уақытқа жоспарланғаны түсініксіз.
Владимир Путин ресейліктерді әскери дайындыққа запасқа шақыру туралы жарлыққа қол қойды. Құжат Ресей Федерациясының ресми құқықтық ақпарат порталында 16 қаңтар, бейсенбіде жарияланды және жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
Құжатта «тек ресми пайдалануға» арналған бірнеше жасырын тармақтар бар. Мәтіннен қанша запастағы жауынгерді шақыру және қанша уақытқа жоспарланғаны түсініксіз.
Әскери дайындық туралы хабарландыру жыл сайынғы жоспарлы рәсім болып табылады. ТАСС мемлекеттік ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Путиннің жарлығы негізінде Ресей Қорғаныс министрлігінің жұмылдыру департаменті өңірлердің әскери комиссариаттарына жолданатын нұсқау дайындайды. Осыдан кейін резервтегі азаматтарға шақыру қағаздарын тарату басталады.