Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 14:00

Путин Ресейдің әскери резервін шақыру туралы жарлыққа қол қойды

Сарбаз
Фото: ашық дереккөз

Ресей президенті Владимир Путин 2026 жылы әскери міндеті бар резервтегі азаматтарды оқу-жаттығу жиындарына шақыру туралы жарлыққа қол қойды.

Құжат 8 желтоқсанда құқықтық актілер порталында жарияланды.

Жарлыққа сәйкес, резерветегі Ресей азаматтары:

  • Қарулы күштерде,

  • Росгвардияда,

  • Әскери-құтқару құрылымдарында,

  • Мемлекеттік күзет органдарында,

  • ФСБ жүйесінде

өтетін әскери жиындарға шақырылмақ. Жарлықтың екі тармағы «қызметтік пайдалану үшін» деген белгімен құпияланған.

Резервке кімдер жатады?

«Әскери міндет және әскери қызмет туралы» заңға сәйкес, резерв құрамына мерзімді немесе шартты әскери қызметті атқарып шыққан ер адамдар, ешқашан қызмет етпеген, бірақ бұрын мерзімді қызметтен кейінге қалдыру алған, 30 жасқа толған азаматтар, әскери оқу орындары мен оқу орталықтарының (бұрынғы әскери кафедралардың) түлектері, байланыс, медицина және басқа да салалар бойынша әскери мамандығы бар әйелдер кіреді.

Резервті стратегиялық объектілерді күзетке пайдалану

Бұған дейін Путин 4 қарашада стратегиялық маңызы бар нысандарды күзету үшін резервшілерді тартуға мүмкіндік беретін жарлыққа қол қойған еді.

10 қарашада «Коммерсант» басылымы кемінде 19 Ресей аймағында осындай күзет міндеттерін атқаратын резервтік бөлімшелерді құру жұмыстары басталғанын хабарлады.

Жарияланған ақпаратқа қарағанда резервшілер алдымен жау дрондарына қарсы әрекет етуге жұмылдырылуы мүмкін. Олар арнайы жиын кезеңінде әскери қызметші мәртебесін алады және стратегиялық нысандарды қорғауға тарту үкімет белгілейтін тәртіп бойынша жүзеге асады.

Ресей Бас штабының өкілі, вице-адмирал Владимир Цимлянский резервшілер Украинадағы соғысқа немесе Ресей аумағынан тыс әскери операцияларға жіберілмейді деп мәлімдеген еді. Алайда Путин қол қойған жаңа жарлықта мұндай шектеу көрсетілмеген.

4 қарашада Путин азаматтарды жылдың барлық мезгілінде – 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін әскерге шақыруға мүмкіндік беретін заңға да қол қойды.

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап әскери комиссариаттар шақырылушыларға:

  • электронды немесе қағаз түріндегі повестканы күн сайын жіберуге;

  • медициналық тексеруді ұйымдастыруға;

  • шақыру комиссияларының отырыстарын өткізуте

құқылы.

Электронды повестка мемлекеттік реестрге енгізілген күннен бастап әскери комиссариатқа келу мерзімі 30 күннен артық болмайды. Қазіргі тәртіпте электронды шақыру қағазының әрекет ету мерзімі шектелмеген.

Әскери қызметке жөнелту бұрынғыдай жылына екі рет жүргізіледі:

  • 1 сәуір – 15 шілде,

  • 1 қазан – 31 желтоқсан аралығында.

Тегтер: