Путин Ресейдің Украинамен келіссөзге дайын екенін айтты
Ресей президенті Владимир Путин Дональд Трамптың Украинадағы соғысты тоқтату үшін келіссөз жүргізу қажеттігі туралы мәлімдемелеріне түсініктеме бере отырып, егер Трамп 2022 жылы АҚШ президенті болған жағдайда, Ресей-Украина арасында ауқымды соғыс басталмайтын болар еді деді.
Бұл туралы ол «Россия» телеарнасының тілшісі Павел Зарубинге берген сұхбатында айтты. Бұл туралы Meduza жазды.
«Ресей ешқашан АҚШ әкімшілігімен қарым-қатынасын жалғастырудан бас тартқан емес. Ал бұрынғы әкімшіліктің бұл байланыстарды жоққа шығаруы біздің кінәміз емес. АҚШ-тың қазіргі президентімен сенімді қарым-қатынаста болдық. Егер 2020 жылы оның жеңісі ұрланбаған болса, 2022 жылы Украинада соғыс болмайтын еді деген пікірімен келісемін», - деді ол.
Путиннің айтуынша, президенттер «бүгінгінің шындығына сүйене отырып, АҚШ пен Ресейді қызықтыратын барлық салалар бойынша кездесіп, бейбіт пікірталас жүргізсе» жақсы болар еді.
«Біз дайынбыз», - деді Ресей президенті, және ең алдымен, мұндай кездесудің мүмкіндігі «қазіргі америкалық әкімшіліктің шешімдері мен таңдауына байланысты».
23 қаңтарда Давос экономикалық форумында (ДЭФ) сөйлеген Трамп Украинадағы соғысты тоқтату үшін жақын арада Владимир Путинмен кездескісі келетінін айтты.
Сондай-ақ Трамп Ресей Украинамен бейбіт келісімге тез арада келмесе, Ресейдің басқа елдерге сататын барлық өнімдеріне жоғары салықтар, баж салығы, санкциялар салатынын айтты.