Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 10:00

Путин: «Ресеймен күш сынаспақ болғандар жауапсыз қалмайды»

Путин
Фото: Sputnik

Ресей президенті Владимир Путин «Валдай» халықаралық пікірталас клубының жалпы отырысында сөз сөйлеп, елдің қауіпсіздігіне төнген кез келген қатерге тез әрі қатаң жауап берілетінін мәлімдеді. 

Ол Ресей ешқашан «әлсіздік танытпайтынын» атап өтті.

Путиннің айтуынша, егер біреу әскери салада Ресеймен теңескісі келсе, «өзін сынап көрсін».

— «Қауіпсіздікке, бейбітшілікке, азаматтарымыздың тыныштығына, егемендігіміз бен мемлекеттілігімізге қатер төнсе, біз жылдам жауап береміз. Ресей әлсіздік  танытпайды. Провокация жасаудың қажеті жоқ, өйткені ол ең алдымен провокатордың өзіне ауыр тиеді», — деді ол.

ПУтин сонымен бірге Еуропа елдерінің әскери әлеуетін арттыру саясатына да тоқталды.

— «Қауіп-қатерге берілетін жауап өте сенімді болады. Бірақ бұл тек жауап. Біз ешқашан әскери қақтығыстың бастамашысы болған емеспіз. Ол мағынасыз, қажетсіз әрі ақымақтық. Мұндай әрекет нақты мәселелер мен сын-қатерлерден алыстатады», — деді Путин.

Мәскеу басшысының бұл мәлімдемесі Ресейдің халықаралық аренадағы ұстанымын күшейтуге бағытталған қатаң саяси сигнал ретінде бағаланды.

Тегтер: