Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:52, 17 Маусым 2024

Путин Солтүстік Кореяға барады

Путин
Фото: Mikhail Metzel, Sputnik, Kremlin Pool Photo via AP

Кремль Владимир Путиннің КХДР-ға сапарының мерзімін жариялады. Іс сапар ол 18-19 маусымда өтеді.

Сапар Украина мен Батыстың Солтүстік Кореяны Ресейге үлкен көлемдегі оқ-дәрілер – артиллериялық снарядтар мен баллистикалық зымырандармен қамтамасыз етті деп айыптауына байланысты ұйымдастырылған.

Осы жылдың басында Украина қауіпсіздік қызметі өткен жылдың соңынан бері ресейлік әскерилер Украинаға Солтүстік Кореяның 20-дан астам қаруын, соның ішінде 2024 жылдың 2 қаңтарында Харьковке атылған Хвасон-11 зымыранын атқанын хабарлады.

ЕҚЫҰ жанындағы АҚШ миссиясы басшысының орынбасары Трейси Ньюэллдің мәліметі бойынша, 2023 жылдың соңынан бері Солтүстік Корея Ресейге шамамен 11 мың контейнер оқ-дәрі, баллистикалық зымырандар мен ондаған зымырандар жіберген.

2006 жылдан бері Солтүстік Корея ядролық бағдарлама жасап, баллистикалық зымырандар шығарғаны үшін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің санкциясына ұшырады. 2024 жылдың 2 қаңтарында Харьковқа атылған Хвасон-11 зымыранының шығу тегі туралы баяндама дайындаған БҰҰ сарапшыларының пікірінше, Ресейге зымыран жеткізу бұл санкцияларды бұзуы мүмкін.

Мамыр айында АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің өкілі Джон Кирби мәлімдегендей, оқ-дәрі жеткізіліміне жауап ретінде Ресей санкцияларды айналып өтіп, КХДР-ға мұнай өнімдерін жеткізеді.