Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 15:02

«Путин тек Украинамен тоқтамайды» – Зеленский

Зеленский
Фото: Reuters

Ресей мен Украина арасындағы соғыс жалғасып жатқан шақта, халықаралық қауымдастықта «жеңіс» ұғымының мәні жиі талқыланады.

Осыған байланысты Украина басшысы соғыстың нәтижесі тек аумақтық мәселелермен емес, ең алдымен адам өмірі мен мемлекеттің тәуелсіздігімен өлшенуі тиіс екенін атап өтті.

«Бүгін Путинді тоқтатып, оған Украинаны басып алуға жол бермеу — бұл бүкіл әлем үшін жеңіс. Себебі Путин Украинамен тоқтамайды», — деді ол BBC News-ке берген сұхбатында.

Зеленскийдің айтуынша, Украина басып алынған аумақтарын міндетті түрде қайтарады. Бұл тек уақыттың еншісіндегі мәселе.

«Қазіргі сәтте бұл мүмкін емес, алайда 1991 жылғы әділетті шекараларға оралу — сөзсіз, тек жеңіс қана емес, әділдік те. Украинаның жеңісі — тәуелсіздігімізді сақтау, ал бүкіл әлем үшін әділеттің жеңісі — барлық жеріміздің қайтарылуы», - деп атап өтті ол.

Тегтер: