Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 11:40

Путин Түркиядағы АЭС құрылысына 9 млрд доллар бөледі

Путин мен Ердоған
Фото: ашық дереккөз

Ресей Түркияға елдегі алғашқы атом электр станциясын салуға қосымша 9 миллиард доллар бөлді.

 Құрылысты аяқтау үшін келесі жылы тағы кемінде 4–5 миллиард доллар шетелдік қаржы тарту жоспарланып отыр.

Түркияның оңтүстік жағалауында орналасқан Аккую атом электр станциясы 7 жылдан бері салынып келеді. Бас мердігер – Росатомның инженерлік компаниясы «Атомэнергопроект». Жобаның жалпы құны 20 миллиард доллардан асады. Бұрынғы келісімдерге сәйкес, Росатом бақылау пакетін сақтай отырып, инвестицияны бөлісу үшін 49 пайыз үлеске серіктес тартуы мүмкін.

Жазда Росатом қаржыландырудағы қиындықтарға байланысты бірінші энергетикалық блогты іске қосу мерзімін бірнеше рет кейінге шегерген еді. Қазір оны келесі жылға жоспарлап отыр.