Бүгін, 09:00
Путин: Украинадағы бейбіт тұрғындардың өлімі үшін өзімізді жауапты санамаймыз
Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы бейбіт тұрғындардың қазасына қатысты өзін жауапты сезінбейтінін айтты.
Бұл туралы ол NBC телеарнасының журналисі Кир Симмонстың «Тікелей желі» форматындағы сұрағына жауап беру кезінде мәлімдеді.
Журналист Путиннен Украинада жалғасып жатқан адам өлімдері үшін жеке жауапкершілік сезіне ме деп сұраған. Оған жауап берген Владимир Путин:
«Біз адамдардың өліміне өзімізді жауапты деп есептемейміз, себебі соғысты бастаған біз емес», – деді.
Сондай-ақ Ресей басшысы бұл мәселедегі жауапкершілік Мәскеуге емес, Украинаға, Еуропа елдеріне және АҚШ-қа жүктелуі тиіс деген ұстанымын тағы да қайталады.