Бүгін, 12:00
Путин Украинадағы соғысты тоқтату жоспарын ұсынды – Reuters

Reuters агенттігі Ресей президенті Владимир Путиннің Украинадағы соғысты тоқтатуға қатысты жоспарының негізгі тармақтарын жариялады.
Басты талаптар:
- Украина әскері Донецк пен
- Луганск облыстарынан шығуы керек;
- Ресей Херсон мен Запорожье бағыттарында фронтты «мұздатып» қояды;
-Сумы мен Харьков облыстарының кейбір аудандары Украинаға қайтарылады;
-Қырым Ресей егемендігі ретінде ресми мойындалуы тиіс;
- Украинаға НАТО-ға кіруге тыйым салынады;
- Орыс тіліне ресми мәртебе беріледі, православ шіркеуінің еркін қызметіне кепілдік жасалады;
- Ресейге қарсы санкциялардың бір бөлігі алынып тасталуы тиіс.
Путин, сондай-ақ, Украинаға белгілі бір қауіпсіздік кепілдіктерін беруге дайын екенін айтқан.