Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Кеше, 09:41

Путин Зеленскиймен Мәскеуде кездесуге дайын екенін мәлімдеді

Путин мен Зеленский
Фото: ашық дереккөз

Путин Зеленскиймен Мәскеуде кездескісі келеді.

Оның сөзінше, мұндай кездесу Мәскеуде өтуі тиіс.

«Кездесу болуы мүмкін екенін айттым. Ол Мәскеуге келе берсін», - деді Путин Бейжіңде өткен Жеңіс парадынан кейінгі баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп соғысты тоқтату үшін Путин мен Зеленский келіссөз үстеліне отыруы қажет екенін атап өткен еді. Алайда Киев Мәскеудің ұсынысын бірден қабылдамады. Украина сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Андрей Сибига мәлімдегендей, Зеленскиймен кездесу өткізуге Аустрия, Ватикан, Швейцария, Түркия және Парсы шығанағындағы үш мемлекет ниет білдірген.

«Президент Зеленский кез келген уақытта мұндай келіссөзге дайын. Бірақ Путин алдын ала орындалуы мүмкін емес шарттарды ұсынып, процесті қиындатып отыр», - деп жазды Сибига.