Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 09:20

Путинмен кездесуден кейін Назарбаев Өзбекстан президентімен сөйлесті

Назарбаев пен Мирзаеев
Фото: Elbasy.kz

Назарбаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті. 

Олар 29 желтоқсан сөйлескен. Тараптар келе жатқан Жаңа жылмен бір-бірін құттықтап, екі ел халқына бейбітшілік, тұрақтылық пен өркендеу тілеген.

«Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы достық, тату көршілік, стратегиялық әріптестік және одақтастық қатынастардың жоғары деңгейге жеткені ерекше. Сондай-ақ барлық негізгі өзара іс-қимыл салаларында көпқырлы ынтымақтастықтың жүйелі түрде дамып келе жатыр», – делінген Өзбекстан президентінің ресми сайтында.

Айта кетейік, 28 желтоқсанға қараған түні Ресей президенті Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевты Кремльде қабылдады. Видео Кремльдің ресми арналарында жарияланды, кездесудің мазмұны жайлы ресми тарап егжей-тегжей айтпады.

Бұл Назарбаевтың биыл Путинмен екінші рет кездесуі. Бұған дейін олар 2025 жылы мамырда кездескен.

Содан кейін Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи мемлекеттік құпияларға қолы жеткен бұрынғы жоғары лауазымды тұлғалардың шетелге шығуын заңмен реттеу қажеттігін айтты.

Оның сөзінше, бұл қадам ұлттық қауіпсіздікті қорғау үшін маңызды.

Депутат экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуіне қатысты қатаң пікір білдірді. Ол бұл әрекетті Қазақстан мүддесіне сай емес деп бағалап, өткір сын айтты.