Бүгін, 09:48
Путиннің бұрынғы серіктесі қаражатын Қазақстанда сақтап отыр

Украинадағы соғыс басталғаннан кейін Ресейден кеткен Анатолий Чубайс туған еліндегі барлық мүлкін сатып жіберген.
Mash телеграм арнасының дерегінше, Мәскеудегі пәтерлер мен Мәскеу облысындағы элиталық нысандарды қоса алғанда, келісімдерден түскен қаражаттың жалпы көлемі 4,3 млрд рубльді (шамамен 28 млрд теңге) құраған. Бұл ақша Қазақстан, Түркия, Израиль және Кипр банктерінде сақталып отыр.
Чубайс қазір Израильде тұратыны айтылады. Ол әр жылдары «Роснано» АҚ басқарма төрағасы, «Ресей нанотехнология корпорациясының» бас директоры қызметін атқарған. Сондай-ақ 2020-2022 жылдары Ресей президентінің халықаралық ұйымдармен тұрақты даму мақсаттары бойынша арнайы өкілі болған.