Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:38, 02 Қыркүйек 2025

Путиннің көмекшісі Зеленскиймен кездесу жайлы ақпаратты жоққа шығарды

Путин мен Зеленский
Фото: ашық дереккөз

Ресей президентінің сыртқы саясат жөніндегі көмекшісі Юрий Ушаков Қытайда өтіп жатқан ШЫҰ саммитінде журналистердің сұрағына жауап берді.

«Қазір барлығы Путин мен Зеленскийдің үшжақты кездесуі туралы айтып жатыр. Бірақ менің білуімше, Путин мен Трамп арасында мұндай келісім жасалған жоқ», - деді ол.

Осылайша, Ушаков АҚШ президенті Дональд Трамптың мәлімдемесін жоққа шығарды.

Айта кетейік, бұған дейін Дональд Трамп Владимир Путин мен Владимир Зеленскийдің бейбіт келіссөздер өткізуге дайын екенін мәлімдеді. Кейіннен кездесу орындары ретінде бірнеше қаланың атын аты аталды.  Содан соң Трамп екі ел басшысының кездесуінен соң үш жақты келісім өтетінін де айтты. Зеленский "жер мәселесін Путинмен жеке кездесуде талқылаймыз" деп мәлімдеген болатын.