Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:04, 22 Тамыз 2024

Путиннің Құран сүйіп тұрған видеосы мұсылман елдерінде кең тарады - РИА

s
Фото: life.ru

Ресей президенті Владимир Путиннің Шешенстанға сапары кезінде түсірілген, Құранды құрметпен сүйген видеосы мұсылман елдеріндегі әлеуметтік желілерде өте танымал болды, деп жазады РИА Новости. 

Кадр 20 тамызда Путиннің Шешенстанға соңғы 13 жылдағы алғашқы сапары кезінде түсірілген.

«Грозныйдағы Иса пайғамбар мешітінен таратылған видеода Путин барша мұсылмандар үшін қасиетті кітап Құранды құрметпен сүйеді. Бейнежазба әлеуметтік желілерде және Түркия, Сирия, сондай-ақ Қырғызстан, Әзірбайжан және Қазақстанда танымал болды, - деп хабарлайды агенттік.

20 тамызда Путин Солтүстік Кавказ федералды округінің үш аймағында болды: Кабардин-Балқар, Солтүстік Осетия-Алания және Шешенстан.

Шешенстанда Путин Грозныйдағы Иса пайғамбар атындағы мешітке алтын әшекейлермен және асыл тастармен безендірілген қолдан жасалған Құранды сыйға тартты. Мүфти тек діни құндылықтарды ғана емес, жалпы адамзаттық құндылықтарды да қорғап келе жатқаны үшін шешен халқының ақсақалдары атынан президентке алғысын білдірді.

Бұған дейін Қадыров Путинді Шешенстанның құрметті азаматы екенін хабарланған болатын.