Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 14:17

Путиннің Украинаға қойған талаптары: Донбастан бас тарту және НАТО-ға кірмеу – Reuters

Зеленский
Фото: БАҚ

Ресей президенті Владимир Путин Украинадан Донбастан толықтай бас тартуды, НАТО-ға кірмеуді және ел аумағында Батыс әскерлерін орналастырмауды талап етіп отыр.

Бұл жөнінде Reuters агенттігі Кремль басшылығының ұстанымдарын білетін үш дереккөзге сілтеме жасап жазды.

Негізгі талаптар

  •  Украина Донбастың өз бақылауында қалған бөлігінен шығуы тиіс;

  • НАТО-ға мүшелік жоспарынан бас тартуы қажет;

  •  Ел бейтарап мәртебесін сақтап, аумағында батыстың әскерлерін орналастырмауы тиіс.

Путин Дональд Трамппен бірге өткен саммиттен кейін журналистерге берген сұхбатында қол жеткізілген келісімдер Украинадағы бейбітшілікке жақындатуға көмектесетініне үміт білдірді. Алайда ол да, АҚШ президенті де келіссөздердің нақты мазмұнын ашқан жоқ.

Алдыңғы талаптардан айырмашылығы

Reuters дереккөздерінің айтуынша, қазіргі ұсыныстарда Кремль белгілі бір жеңілдіктерге барған. 2024 жылғы маусымда Путин Киевтен Донецк, Луганск, Херсон және Запорож облыстарынан толық бас тартуды талап еткен еді.

Жаңа ұсыныстарда Ресей тек Донбастың қалған бөлігін беруді талап етіп отыр. Оның есесіне Мәскеу Херсон мен Запорож облыстарындағы қазіргі майдан шебі бойынша соғыс қимылдарын тоқтатуға дайын екенін білдірген.