Қабдеш айтса, қалп айтады

Қабдеш Жұмаділов: «Орбұлақ шайқасы» деген тарихта болғанемес («Жас Алаш», 26.12.
2019 жыл)
«Бүгінгедейін менің талай уақытым ақиқат үшін алысумен, шындық үшін шырылдаумен өтіпкеледі», – дейді Қабдеш Жұмаділов. Шынымен солай ма? «Орбұлақ шайқасы болғанжоқ» деген дәлелсіз сөзін қорғау үшін бір кездері бар қазаққа қадірлі болғанқарт қаламгер Қабдеш Жұмаділов айналасына ақиқат айтар ақсақалдық жасқакелгенде Алашына ар мен намыстың не екенін көрсетіп, абыз атанар кезінде тағы да өтірік айтыпқойғанын аңғармады. Төскейде малымыз, төсекте басымыз қосылып жататын қырғызағайындардың «Халық айтса, қалп айтпайды» деген мәтелі бар. Олардың «қалп»дегені – өтірік дегені. Осы мәтелдегі қырғыздың сол «қалп» деген сөзіниемденіп, біз «Қабдеш айтса, қалп айтады» деген мәтел шығарып, жұртқа жарияетуді жөн көрдік.
Ол мақаласында: «Шайқас – Орбұлақта емес, КегенненЫстық-көлге асып түсетін Қарқара асуында өткен», – депті. Біріміздің кіндік қанымыз қасиетті Қарқара топырағына тамғаннан бүгінгі күнге дейін осы өңірде өмір сүріпкелеміз, біріміз қызмет бабымен талай жыл осы Қарқарада еңбек еттік. Ой, ойпаң,жылға, жыра, қырат, қырқа, сай, сала,қолат, қопа, төбе, қыр, жота, бел,белес, асу, адыр, тау, тастарына дейін аралап жүріп, бірде-біріміз «Қарқара асуы»деген асуды не естімеппіз, не көрмеппіз.«Әй, Қабдеш, бірдеңе біліп айтқан шығар» деп, осы сөз тасқа басылып, жарияболғалы бері жарғақ құлағымыз жастыққа тимей, жан-жақтан жабылып жүріп, жаппай «Қарқараасуы» деген асуды іздедік. Бұл алапта ондай асу жоқ боп шықты.
Сонан соң «тарихты жазып жүрген жазушы ғой,бір мәліметтерден көріп айтып отырған шығар» деп, хатқа түскен, тасқа басылғантарихи жәдігерлерді қарадық. Алдымен патшалық Ресей саяхатшылары менгеографтары тайға таңба басқандай қылып шығарған географиялық карталарынаніздедік. Таппадық. 785 жылы Ақсақ ТемірҚарқарадан Ыстықкөлге өтіпті. Онда да «Қарқара асуы» деген асу туралы сөз жоқ. Бертінде,1857-60 жылдары осы өлкені аралаған П.П.Семенов Тянь-Шаньскийді қарадық. Ол да«Қарқара асуы» дегенді жазбайды. 1868-81жылдары Жетісу облысы мекемелерінде түрлі әкімшілік қызметте бола жүріп, талай құндыеңбек жазып қалдырған этнограф Н.А.Аристовтың жазғандарын сүзіп шықтық. Оның дазерттеулерінде ондай асу жоқ. ШоқанУәлиханов тура осы Қарқарада бір емес, бірнеше рет болған ғой, «бірде болмаса,бірде жазып кеткен шығар» деп, оның да жазғандарын қарадық. Ол да «Қарқараасуы» дегенді аузына алмайды. Шоқан өз қолымен осы Қарқара алабының картасынсызады. Қабдеш Жұмаділов айтқан «тарихи асу» бар болса, сызбауы, белгілемеуі мүмкін емес еді.
П.П.Румянцевтіңжетекшілігімен алғаш 1913 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген, кейін 2000 жылы Алматыда қайта басылған «Жетісу уездері» деген топтаманың 4-томындағы Верный уезіне қатысты жериелену жөніндегі материалдарын да парақтап шықтық. Онда да «Қарқара асуы» дегенасу жоқ. Қарқара өңірінде туып-өскен Құлмамбет, Бөлтірік, Көдек, Мейірман,Әжек, Жүсіпбекқожа, Шәріпжамал, Әбен,Қапез, Майлылардың да өлең-жырларыншолып шықтық. Олар да «Қарқара асуы» дегенді еш жырына қоспайды. «Қарқарашайқасы болды» дегенді де ешкім тілге тиек етпейді. Тіпті дәл осы Қарқарада болған 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс туралы ұлы Мұхтар Әуезовжазған «Қилы заман» тарихи повесін қайтаоқып шықтық. Онда да «Қарқара асуы» деген кездеспейді. Сөйтіп, ұзын сөздіңқысқасы – Қабдеш Жұмаділовтің «Қарқараасуы» дегені жалған сөз боп шықты. Бұл – бір.
Егер ондай асу бұл өңірде жоқ болса, онда жоқ жерде шайқасқайдан болсын?! Демек, Қабдештің «шайқас болды» дегені де өзінен-өзі өтірікболып шықты. Бұл – екі.
Қабдештің «Жоңғарқолын қырғызға апаратын жалғыз жол – осы» дегені де ақиқаттан аулақ жатыр.Кегеннен ары Қырғызға тек Қарқара арқылыемес, Талды арқылы да, Күрметі арқылы дабаруға болады. Демек, «жалғыз жол – осы» дегені де өтірік. Бұл – үш.
Қабдеш бір сөзінде: «XVIII ғасырда Сыр бойындағықарақалпақты зорлап көшіріп әкетіп бара жатқанда, оларды Қабанбай жасағықұтқарып қалғаны есімізде», – дейді ойдан шығарған оқиғаның басы-қасында өзіболғандай есіне алып. Демек, Қабдештің мұнысы да өтірік. Бұл – төрт.
Қызды-қыздымен Қабдеш тағы бірде: «… Жәңгір хан арттағықалың әскердің келуін күтпей, отқарулы 600 мергенмен Қарқара асуына бұрынжетеді де, сол арада қорғаныс шебін құрып, Санташқа өтетін қысаңда жоңғар қолынкөп шығынға ұшыратады», – депті. Қарқара қайда, Санташ қайда? Санташқа өтетінқысаң жоқ ол өңірде. Яғни Қабдештің мұнысы да өтірік.Бұл – бес.
Орбұлақ шайқасының болғанын тарихшы ғалымдар тарихи айғақтармен сан мәрте дәлелдеген. Демек, оның «Орбұлақ шайқасы болған жоқ»дегені де күмәнді. Бұл – алты.
Осы мақаланы бастағанда Қабдеш Жұмаділовтің: «Бүгінге дейінменің талай уақытым ақиқат үшін алысумен, шындық үшін шырылдаумен өтіп келеді»,– дегенін әдейі келтіріп едік. Көріп отырғанымыздай, жазушының бұл сөзі деөтірік болып шықты. Бұл – жеті.
Осы киелі жеті санымен біз «Қабдеш айтса, қалп айтады» дегенсөзімізді бекітеміз.
СтаханБЕЛҒОЖАЕВ,
ЫзғарбекБЕКТҰРҒАНОВ,
БосатқанҰЛДАРБЕКОВ,
БайғожаНҰРҒОЖАЕВ,
АянАЙТЖАНОВ