Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:52, 14 Шілде 2022

Қадыр мұрасы Қырғыз елінде насихатталды

None
None

Оралдағы Қадыр Мырза Әлі орталығының 23 адамнан тұратын көшпелі ұжымы таяуда Алатау асып, айыр қалпақты ағайындарға, Қырғызстан Республикасына өнер сапарымен барып қайтқан болатын.

Орталық жетекшісі белгілі ақын Бауыржан Халиолла бастаған топты облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов қабылдады.

Жалпы, бұл ұжым «Қадыр жолымен» жобасы аясында осыдан бес жылдай бұрын «Дала дидары» атты көшпелі өнер ұжымын құрып, Батыс Қазақстан облысының аудандарын, көршілес өңірлерді бұрын да аралап жүр. Бірақ бұл жолғы алыс та күрделі сапардың жөні бөлек. Облыс әкімінің орынбасары Қадыр Мырза Әлідей қазақтың даңқты, дара тұлғасның рухани мұрасын ұлттық деңгейде ұлықтап жүрген өнер ұжымына мемлекеттік деңгейдегі үлкен шаруаны абыроймен атқарып келгендері үшін ризашылығын білдірді.

Сіздерді Қадыр қазынасы және қасиетті Ақ Жайықтың өнерін насихаттап келген гастролдік сапарларыңыздың сәтті аяқталуымен шын жүректен құттықтаймын. Қазақтың маңдайына біткен Қадыр Мырза Әлідей дара тұлғаның рухани мұрасын ұлттық деңгейде ұлықтау ұрпаққа жүктелген аманат деп білеміз. Осы бағытта «Қадыр жолымен» жобасы аясында «Дала дидары» көшпелі өнер ұжымын ұйымдастырып, Қызылорда, Түркістан облыстары, Шымкент қаласы, Қырғызстан Республикасының Талас, Ыстықкөл облысы мен Бішкек қаласына өнер сапарымен барғаныңыз батысқазақстандықтар үшін үлкен мәртебе деп санаймын, — деген Бақытжан Хаберұлы аталмыш жобаның жетекшісі Бауыржан Халиолланы және өнер ұжымын Алғыс хаттармен марапаттады.

Айта кету керек, көшпелі өнер ұжымы өз атауын «Дала дидары» деп қойғаны тегін емес. Қадыр ақынның дәл осылай аталатын жинағы бар. Жоба аясында алыс-жақындағы ағайынға Қадыр ақынның сөзіне жазылған әндер шырқалып, әзіл-қалжыңдары айтылатын, афоризмге айналған ойлары мен өлеңдері оқылатын сахналық бағдарлама тарту етілді. Тағы бір ерекшелігі – концерттегі шығарманың барлығы тек табиғи дауыста орындалды.

Өз кезегінде Бауыржан Халиолла осы сапарда Қадырсарай ұжымын қолдаған танымал өнер шеберлері Жаңылсын Хасановаға, Қайрат Кәкімовке, Дастан Есентеміровке, Ернар Өмірәліге ризашылығын жеткізді.

Тегтер: