Қай ғасырда бұл жолдар толық жөнделеді дейсіз, әкім мырза?
Қарағанды облысындағы астықты Нұра ауданына қарайтын (бұрынғы «Путь Ленина» совхозы), егемендіктің самал желі ескенде «Байтуған» атанған кеңшарға баратын автокөлік жолы ойдым-шойдым болып өте нашарлап кеткен.
Бұл жолмен көлік түгіл, тіпті жаяу да жүре алмайды. Өйткені әбден тозығы жеткен.
Былтыр аудан орталығындағы мәдениет үйіңде 8 ақпанда аудан халқының алдындағы кезекті кездесуіңізде жасаған есепті баяндамаңызда «биыл Байтуған, Шахтер, Мұзбел және Урожайный автожолдары толық жөнделеді» деп айтып едіңіз.
Бірақ қазір 2020 жылды шығарып салайын деп отырмыз, ал жол баяғы қалпыңда, өзгерген ештеңе жоқ. Осы жолдарға арнайы бөлінген қаражаттың бәрі қайда кетіп жатыр, әкім мырза? Жолдың сапасына көз жеткізу үшін арнайы барып көруге болады. Бұған негізгі жауапты Нұра ауданының әкімінен асыға күтеміз.