Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

Жаңаарқаауданының тұрғындары коронавирусты өзбетімен тұқыртуға бел шешіп, белсене кірісіп кетті.
Жергілікті шенділерденбеті қайтқан халық қатерлі індеттіауыздықтаумен осылайша арпалысуда.
Аудандағы «Жастар»ресурстық орталығы жанындағы еріктілер лигасының жетекшісі, 22 жастағы Асхат Алтел қауіптідертке шалдыққан қандастарымызды қолдау мақсатында «Біз біргеміз!» эстафетасынұйымдастырғанын жариялап, әр ауылға челлендж түріндегі хабар таратқан. Игі істің бастамашысының соңынан еруге бейілдік танытушылардың қатары күн сайынкөбейіп келеді. Эстафета 8 шілдеде бастау алды. Арада екі тәулік өтпей жатып үшауылдық округтің тұрғындары 200 литр қымыз жинап әкелді.
– Эстафета басталысымен айналасы екі сағаттың ішіндеБайдалы би ауылдық округінің тұрғындары 24 литр саумал әкеп тапсырды. ЕртеңіндеАқтөбе ауылдық округіндегі жерлестеріміз бізді қолқалап шақырып, қолымызға 53литр қымыз ұстатып жіберді. Жаны жомарт, ақжүрек ауыл азаматтары мұныментоластамады. Артынша қанатына су сепкен қарлығаштай, қалың қазақ қоныс тепкен Ералиевауылдық округінің азаматтары «Тар төсекте тарығып жатқан жақындарымыздың тәнінешипа дарытсын» деген тілек айтып, 700 литр қымызды арытып әкелді, – дейдіжастар көшбасшысы.
Бие сүтінің мол қорын жинаған аудан еріктілері500 литр емдік сусынды Қарағандыдағы және 320 литр қымызды Жезқазғандағы жұқпалы аурулар ауруханасына жөнелткен. Қайраңдапқалған жақынына жанашырлық танытып, қолұшын беру халқымыздың қанында бар қасиетемес пе?! Сол үрдістен жаңылмаған жаңаарқалықтаржағымды істі жалғастырмақ ниетте. Күні кеше жастар белсендісіне Ералиев ауылдықокругінің жұртшылығы «1000 тонна қымыз жөнелтеміз» деген жаңалықты жеткізіпті. Шарапатты шараны естіген аудан кәсіпкерлерінен де сеңқозғалған. Мұндағы белді бизнесмендер нілдей жастардың бастамасына бас иіп, қомақты қаржы жинап, аудандық ауруханаға оттегі баллонын сатыпәперген.
– Қазірдіңөзінде біздің соңымыздан еріп, елге көмек беруге құлшыныс білдіріп жатқанжерлестеріміздің саны сағат сайын өсуде. Қайсыбіреулері сүт өнімдерінің кез келген түрін жасап беруге және қанша мөлшерде болсын тапсырысқабылдайтындықтарын жеткізуде. Бұл кісілігі мол, кішілігі зор қазақ ауылының әліде қаймағы бұзылмағанының айғағы емеспе? – дейді жасындай жарқыраған Жаңаарқадағы жастар қозғалысының жетекшісі.
Осындайдажыр маржаны Мағжанның: «Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты», – дептеліген сұңқардың қанатындай, тұлпардың тұяғындай Алаш ардақтыларының сарқытын көріп көз қуанды, көңіл марқайды. Елжандысардарлардың сағы сынбай, санасытарылмаса, талай істі тындырары ақиқат.
АйтбалаСҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ
Қарағанды облысы