Қайран Еуропа, сенен үйренеріміз көп ау...

Швейцария парламентінің депутаттары жылына төрт рет бас қосады екен.
Олардың сессиялары екі аптаға созылып, осы мерзім ішінде швейцар депутаттары заң талқылап, айтысып-тартысып, оны қабылдап, яки қарсы шығып үлгеріп, екі аптадан соң, ізім ғайым жоқ болып, өздерінің негізгі жұмыстарына тарқасып кетеді екен.
Инженер өз жұмысына, дәрігер ауруханасына, фермер фермасына кетеді.
Швейцария парламенті осылай волонтерлік негізде жұмыс істейді.
Осы волонтер-депутаттардың жалақысы швейцар мұғалімі мен дәрігерінің орташа жалақысына тең екен. Үнемшіл швейцар үкіметі депутат жалақысын одан асырмайтын көрінеді.
Осы Швейцария елі әлемдегі ең ауқатты елдер қатарына кіреді.
Енді мен кешегі біздің «Қазақстан халқына» деген қордың жұмысына қарап отырсам… Рас па өтірік пе білмедім, бірақ желіде бұлар өз жұмыстарын бастамай жатып, өздеріне 587 мың жалақы тағайындап жатыр дегенді оқыдым. Ал Тоқаев бұл кезде «халықтың табысы 50 мыңнан аспай отыр», деп қынжылып отыр.
Google-ға кіріп, осы қор туралы мәлімет іздесем: ойпырай, осы қор мүшелері уже «член правления» болып үлгеріп, сықиып түскен фотоларын іліп қойыпты.
«Жұмысқа адам аламыз», деп вакансия жариялапты. Онсыз болмайды ғой, «малайға да, малай керек» дегендей… Тағы бұлардың отыратын ғимараты да әсем, арендасы да керім болуы мүмкін. Қалай дегенмен «правление» ғой...
Ей мыналар бар ғой я… Кәкой то фонд, ақша раздатчиктер...
Анда ел тағдырына қатысты заңдар қабылдаушы Швейцария парламенті, мында Қазақстанның ақша таратушы қоры...
«Рога и копыта». Екі бөлек подход, екі түрлі тәсіл. Жер мен көк.
Алысқа бармай-ақ, осы фейсбук беттерінде небір ауыр операцияларға ақша іздеген мұқтаж сәбилер, ауыр дерттен жаны қиналған науқас жандар өріп жүр. Сол кісілерді көргенде, жүрегің зырқ етіп, сауап үшін (тек қана сауап үшін!) осындай ақша таратушы орталықтарда тегін жұмыс істегің келіп кетеді екен.
Далада тұрып-ақ «мә, жаным, ал еміңе шипа болсын», деп таратқың-ақ келеді.
Ал біздің мына қор құрылмай жатып, өздерінің қызметін бұлдап, солардың ақшасына ортақтасып, өз апетитін көрсетіп отыр. Совок бюрократ, дарақы қазақ...
Қайран Еуропа, сенен үйренеріміз көп ау...
Олжас Әбіл (ФБ парақшасынан)