11:50, 08 Желтоқсан 2022
Қайрат Балықбаев сауда және интеграция вице-министрі болып тағайындалды
Қайрат Балықбаев сауда және интеграция вице-министрі болып тағайындалды, — деп хабарлайды Жас Алаш primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қайрат Такирұлы Балықбаев ҚР сауда және интеграция вице-министрі болып тағайындалды", — делінген хабарламада.
Қайрат Балықбаев 1982 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Халықаралық бизнес академиясын, Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін бітірген. Еңбек жолын 2003 жылы жекеменшік компанияның менеджері болып бастаған.