Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:22, 25 Сәуір 2022

Қайрат Құдайбергеннің қанша мерзімге қамалғаны айтылды

None
None

Жексенбіде тергеу соты Қайрат Құдайбергенге күдіктінің әрекетін саралау туралы қаулы шығарылғанға дейін 1 ай "қамауда ұстау" бұлтартпау шарасын санкциялады.

Бұл туралы адвокат Мұрат Амитов әлеуметтік желіде хабарлады.

Мұрат Амитовтың айтуынша, адвокаттар сотқа дейінгі тергеу органдарының Құдайбергенге қатысты іс-әрекет квалификациясын анықтауын күткен. Бірақ сотқа дейінгі тергеу органы әлі анықтамаған.

Сәуірдің 21-нен 22-не қараған түні мәслихат депутаты, кәсіпкер Қайрат Құдайберген Алматыда ұсталып, полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ол Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы ("Ұстап алу негіздері") бойынша ұсталды (72 сағаттан артық емес). Бизнесмен қаңтар айындағы жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырып, қатысты деген күдікке ілінді, деп хабарлады Алматы прокуратурасы.

Тегтер: