Қайырымдылық қоры үйсіздерге үй беріп қуантты

Қазақстанда соңғы жылдары қайырымдылық істерін жасау белең алып барады. Жүректерге үміт сыйлап, тағдырдың тауқыметін тартып жігері жасығандарға демеу болатын өнегелі істерді биліктің бағыт беруімен кәсіпкерлер мен қайырымдылық қорлары жасап талай шаңырақтың шаттыққа толуына себепкер болып келеді.
Жақында Қарағанды қаласында көп балалы отбасының бірі осындай қайырымды істің арқасында баспаналы болып қоныс тойын тойлады. Asar Ume қоры Asar Joly қайырымдылық марафонын елімізде бастап, жағдайы төмен отбасыларға қолдау білдіруді мақсат етуде. Қайырымдылық қоры Қазақстанды аралап, ірі қалаларда тұратын 50 мұқтаж отбасына баспана сыйлауды жоспарлап отыр. Қарағандыда қордың назарына ілігіп бағы жанған отбасы баспаналы болды. Ол бес баланы жалғыз өзі асырап отырған Евгения Васильева болып шық ты. Бес баласын сүйретіп түрлі жерден баспана жалдап жан бағып жүрген жалғызбасты әйелге бұл үлкен көмек болды. Бес баланың анасы тіпті баспанал боламын деген ой мүлдем ойыма да келмеген еді деп пікірін білдіреді.
" Балалар кішкентай сондықтан ыңғайы келген жұмыстарды жасап жүрдім. Мемлекеттен төленетін жәрдемақының есебінен күнелтіп жүрміз. Соңғы жылдары жалдайтын баспананы бірнеше рет өзгерттік, көше берген соң әбден берекең кетеді екен. Жақында ғана ескі «Дубовкадан» үй жалдап алдық, бірақ балаларға жағдай боллмай тұр. Өткен жылдан бері " Шаңырақ " көп балалы отбасыларды қолдау орталығы азық түлікпен, ақыл кеғестерімен көмектесіп келеді. Осы жолды да сол орталық мамандар келіп қатысыңыз деген соң келе салған едік. Мүлдем баспананың кілтін алам деген ой болған жоқ. Ең қиыны кішкентай балаларың болғанда өзіңе тиесілі баспананың болмауы екен. Қатты қиналып кеткен едік, мұндай жағдай балаларға да әсер етеді. Енді тіпті алғыстан басқа айтарым жоқ, тіпті көңілдегі ықыласымды ризашылығымды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес сияқты",- деп мәлімдеді көп балалы ана Евгения Васильева.
Бес баласы бар Евгения Васильеваға қайырымдылық қоры Сұрыптау бекетінен 4 бөлмелі үйді сыйға тарту етті. Сонымен қатар көп балалы анаға Қарағанды облысының кәсіпкерлері жаңа үйге кірген кездегі сыйлық ретінде тұрмыстық техника мен кілем сыйлады. Тіпті бұл отбасының өз үйлеріне көшіп келу шығындарын өтеу мақсатында кәсіпкерлер қаражат жинап берген. Бұдан өзге қайырымдылық форумының демеушілері Ольгаға құрғақ тазалауға арналған кәсіби шаңсорғышты сыйға тарту етті. Сонымен бірге қайырымдылық істі мақсат еткен форум демеушілері жалғыз басты анаға берілген үйдің аумағын кеңейтіп алуға көмектесетінін жеткізді.
«Біздің мақсатымыз — адамдарды масылдық күйден арылту, оларға білім беру, сенім ұялату, жұмысқа орналастыру және кәсіпкерлік мәселелерінде көбірек мүмкіндік беру»,- дейді ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі Кеңестің мүшесі, Asar Ume қорының басшысы Асхат Нұрмашев.
Бұл қайырымдылық қоры өткен жылдан бері Қарағанды облысының мұқтаж отбасыларына осымен он бір баспана ұсынды. Еліміде бұл қор 400 — ден астам отбасының баспаналы болуыне көмектесіп қайырымдылық шарасында үлкен істерді абыроймен атқарып келеді. Қарағандыға аялдап көп балалы отбасына баспана сыйлап кеткен қайырымдылық марафоны Көкшетау қаласына бағыт алыпты.