Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
04:21, 20 Қазан 2020

Қаламсыз ғалам қараңғы

None
None

Егер құдіретті күшті Құдай адамзаттың аз ғана бөлігіне – сүйікті құлына ерекше ықыласы түсіп жазушыларды жаратпаса мына жарық дүниені әлдеқашан түнек болар еді: «Қасиетті кітапта да, «Алдымен сөз болған» деп жазылған.

Әлемді билейтін – сөз, сөзді билейтін ақын!

Сонау ту алыста қалған аты белгісіз арғы дәуірлерден күні бүгінге дейін адамның ақыл-ойы мен қиялынан небір ғажайыптар туып, адам қолымен талай кереметтер жасалды.

Перғауындар пирамидасы, Семирамидидің аспалы бағы, Эфес қаласындағы ғибидатхана, Зевс мүсіні, Мавсол патша мавзолейі, Родос алыбы, Александриядағы ежелгі дүние шырағы – әлемнің жеті кереметі, сонан соң сегізінші керемет Тәджмахал мазары өмірге келді. Адамның ақыл-ой атом қуатын бейбіт мақсатқа пайдалана бастады. Кәрі тарихтың өзін таң қалдырып ғарышқа ұшты. Сөз жоқ мұның бәрі адамзат туғызған ғажайыптар. Осы кереметтердің бірі ғана емес, бірегейі – адамзат даналығын туғызған бейнелер әлемі – әдебиет!

Олай болса, бүгінгі күннің басты тақырыбы «Жас баланы саяси қайраткерге дейін тәрбиелейтін» Өзгермелі кезеңдегі әдебиеттің рөлі жайлыойкөркем әдебиет жайлы болғаны жөн. (Фиктовангер). «Феодализмді құртқан зеңбірек, ал қазіргі өзгермелі әлем қаламға тәуелді (Напалеон). Осы тұста данышпандардың бірі айтқан: «Когда в обществе обостряется ситуация роль интелегенций возрастает» деген сөзі ойға оралды. Валентин Распутиннің: «Благодаря литература мы выжили когда было отвергнута религия, другие ценности. Литература помогло сохранит духовное ценности» деген сөзінде өмірдің шығар күндей шындығы бар.

Ашынып айтар ащы шындық – жаһандану кезінде адамзат кітаптан алыстап барады. Бұл трагедия. Рухани тоқыраған адамзаттың болашағы бұлыңғыр. «Адам кітап оқуды доғарған кезде оның ақыл-ойы да тұсалады (Жан-Жак Руссо). Адамзат кітап оқымау дейтін апатпен күресу керек. Оның бірден-бір жолы бала мектепке бармай тұрып оған ертегіні, аңыз әңгімелерді, фольклорды дауыстап оқып отыру. Кітап оқу балабақшадан басталғаны жөн!

Халықтың кітапқа деген қызығушылығын арттырудың тағы бір жолы – мектептер мен жоғарғы оқу орындарында Толстой, Әуезов, Достаевский, Кәрім, Ғамзатов, Айтматов, Сүлейменов сынды көркемсөз шеберлерінің шығармалары радио арқылы оқылса, телеарналардағы мағынасыз шоудың орнына әдеби хабарлар берілсе, жазушылармен сұхбат жүргізілсе… Нобель сыйлығын алған атақты физик Жорес Алферов:  «Физика ғылымын дамыту үшін орта мектептерде әдебиет пән сабағын арттыру керек» депті.

Осы айтылғандардың бәрі «кітап маған тақтан да қымбат» депті.

Кітап оқуға деген құштарлық ұлғайған сайын адам рухани бай болады. Асқазанның аштығынан рухани аштық әлдеқайда қатерлі! «Я боюсь духовного голода, который теперь царит во всем мире» деп Айсодра Дункан бекер айтты дейсіз бе?! «Шекспирі жоқ елде Ньютон да тумайтыны (О.Сүлейменов) айдай ақиқат.

Кітап оқуға ынта артып, әдебиет аялы алақанның табымен алға озған сайын өзгермелі кезеңдегі жазушының рөлі арта бермек.

Лев Гумилев: «Сөз қалаларды да қиратады, сөз күнді де тоқтатады» деп тегін айтқан жоқ. Өкінішке қарай бүгінде киелі сөз өнерінен қадыры қашып, қаламгердің қарыны ашып, әдебиетті ғана емес, барлық құндылықтарды ақша дейтін алпауыт албасты ығыстырып барады. Мұның соңы жақсылыққа апармасы анық.

Егер бір адам кітап оқымаса ол оның жеке өзінің қайғысы, бүкіл ұлт кітап оқымаса да ұлттың ұлы трагедиясы.

Жаһандық дейтін жайын ұлттық құндылықтарды жұтып жатқан алмағайып шақ, аумалы-төкпелі кезеңде кітаптың рөлі арта түспек.

Даналықтың бәрі қалам ұшынан қанат қаққан Құдайдай құдіретті, құрандай киелі, ұрандай қасиетті табиғаттай мәңгі айналып өтейін, садағаң кетейін азбас, тозбас асыл сөзде! Ол сөздер кітап бетінде қаттаулы, жадымызда жаттаулы. Олай болса қаламсыз, кітапсыз өмір қараңғы! Оны айтасыз қаламсыз ғалам да жоқ! Асыл сөз әдебиет жоғалған күні – әлемде жоғалады. Адамзат не әдебиеттің қадіріне жетеді, не асыл сөзді аяламай – өзінің түбіне жетеді.

Адамзаттың мекені қасиетті Жер-Ананы жаратқан, тіреусіз Аспан жасап, Зеңгір көкке Ай мен Күн орнатқан құдіретті күшті, мейірім-шапағаты зор, рақымы мол Алла Тағала адамзатты Әлемдік апаттан сақтасын!

Аман болайық!

Тегтер: