Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:30, 06 Желтоқсан 2022

Қаланы жылусыз қалдыру – таза қылмыс!

None
None

Қыстың басталғаны кеше ғана, Екібастұзда жантүршігерлік жағдай болды. Отыз градус аязда қала жылусыз қалды.

Суықтан батареялар жарылып, елдің үйін су басты. Сұмдық емей немене бұл?

Екібастұздықтар қазандықтардың күйі нашар екені жайлы жазда шағымданған болатын билікке. Жылыту маусымы әлі басталмай тұрғанда. Бірақ жергілікті билік түк істемеген. Қол қусырып, қарап отыра берген екен.«Қаладағы жылу электр орталығындағы жабдықтардың 90 пайызы әбден ескіріп, тозығы жеткен. Бірақ билік басындағылардың ешбірі тұрғындардың арызын елеген жоқ. Неге бұлай?, — деген сауал тастайды қала тұрғыны Роза Рақашқызы.Екібастұздағы апат – мұндай сипаттағы жалғыз апат емес. Қараша айында осыған ұқсас шағымдарын айтып, Риддер қаласының тұрғындары ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасаған болатын. Риддер – 55 мың тұрғыны бар кәдімгідей үлкен қала, Шығыс Қазақстан облысындағы. Қарашада Риддерде жергілікті жылу электр орталығындағы қазандықтар істен шықты. Тозған, ескірген екен әбден. Риддер халқы жылда қыста жылудың жоқтығынан зәрезап болған. Бірақ билік те жылдан-жылға түк бітірмей келеді. Халық президентке тікелей жүгінбегенде қайтсін?

Күні кеше Өскеменде №15 қазандық қырт етіп өшіп қалды. Оны бір жарым сағатта әрең жөндеп, іске қосыпты әйтеуір. Суықтан жылыту желісінен ағып кеткен судың көлемі мың тоннаға жеткен дейді. Сосын қырық градус аяз басталған кезде де жылу болмай қалған.Биыл наурызда Петропавл қаласындағы жылу электр орталығының құбыры құлап қалған. Бір машинист әйел мерт болды. Жазда басталған жөндеу жұмыстары әлі аяқталмай жатыр.

Екібастұздың ЖЭО-сы да, Петропавлдағы ЖЭО-2 де олигарх Александр Клебановтікі. Заң бойынша жауап бере ме ол, бермей ме? Жазда бұл олигарх СҚО-дағы жылу электр орталығының құбырының құлауына жел мен басқа да табиғи факторлар себеп болды деген. Ал Петропавлда 219 мың адам тұрады!

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов пен олигарх Клебанов біріне-бірі сілтеген. ЖЭО-2-ні жөндеуге екеуі де ақша іздемеген ғой. Олигарх мемлекет жөндесін дейді, мемлекет тарапынан әкімдік өз мойнына жауапкершілік алғысы жоқ.

Ал енді Қазақстандағы ең жемқор құрылымдардың бірі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі президентке қақылдап есеп беріп жатыр: Қазақстанның жылу энергостансаларындағы жабдықтардың тозғанын соңғы жылдары 67 пайыздан 53 пайызға дейін төмендеттік деп желпінеді ғой.

Ал енді Энергетика министрлігі апаттарға тарифтердің төмен болуы себеп дейді… Санап көрейікші. Олигарх Александр Клебановтың 580 миллион доллары бар. Егер жылудың тарифін көтерсек, әлгінің байлығы миллиард долларға жететіні анық. Бірақ одан Екібастұз бен Петропавл ЖЭО-ларының жұмысы жақсарып кетер ме екен? Әй, қайдам… Ащы шындығымыз сол, бізге негізі құбыр мен қазандықтарды емес, бүкіл жүйені ауыстыру керек-ау.

Тегтер: