Қалбан ЫНТЫХАНҰЛЫ. Ван Гогтың елесі

02.10.2018, 16:13

206

ВАН ГОГТЫҢ ЕЛЕСІәңгіме            [caption id=«attachment_18557» align=«alignnone» width=«453»]Қалбан Ынтыханұлы.                                                   [/caption]Қарсы алдындағы қабырғадан көз айырмай телміре қарап отырған Талпын ақыры жылады.Қорамсақ оң қолымен  бүйірін таянып өлең оқыды, өлеңі анық та әуенді естіледі:Тыраула тырна  тыраула Үнің өшіп қараң батқаншаБұл қыс емесЛашықтың ішінен Көзіме көлбеп көрінген Сиқырлы шамның жарығы Тастай қараңғы Тылсым мына ғарышта Мен жүрген бір жалғызҚұс жолы Күнбағыс ДиірменАлғыс пен қарғыс Жылап отырған Талпын  көзінен аққан жасын оң қолының сыртымен сүртті де орнынан атып тұрып, қайрыла келіп Қорамсақтың жағасынан ала түсті: — Ақымақ, сен не шатып тұрсың. Мен көрген түсті сен қайдан білесің? Бұл түсті менен басқа ешкім көрмеуі тйіс, мына жүрген  қазақтарды қойып бүкіл әлемде, тағы қайталап айтамын, бүкіл әлемдееее! Ондай түс көре алатын, және мен сияқты ұйқысынан дұрыс ояна алатын адам ешқашан болмақ емес, ешқашан!Қорамсақтың көзі аларып тынысы тарылып бара жатқанда барып Талпынның қармаулы  саусақтары  оның жағасынан босады. Еденге көгілдір сәуле түсті. Есікке ілесіп ішке Батпан кіріп келді. Ол тым салмақты. Жерде жатқан Қорамсақтың қалпағын қолына алды да аузын жыбырлатып бірдемелерді күбірлеп оқыды, дем салды. - Ол түс көріп жатыр, мазаламай жайыңа бар, — деді Талпын. Батпан Қорамсақты  қалпақпен желпіп-желпіп алды да Талпынға қарап: — Жарайды, бұл соңғы рет...  азанда ұшамын. — Жолың болсын. — Кім ұшады? — деді орнынан ыршып тұрған Қорамсақ. Екі тараптың ешқайсысы да оның сұрағына қайырып жауап қатпады.Жарығы әлсіз үйдің іші. Қабырғаның бетіне Батпан қызыл маркермен алманың суретін салып жіберді де төсін қағып: — Мен суретшімін! — деп айқай салды. — Жоқ! Сен ешкім де емессің, Талпын да солай ойлайды,- деді Қорамсақ.Даяшы қыз алма суреті салынған қабырға жақтағы үстелдің үстіне буы бұрқыраған үш кесе кофе әкеліп қойды.Батпан тағы да қолына сары түсті маркер алып Талпын қарап жылаған қабырғаның бетіне табақшасы майысып, күлтешелері салбырап қалған күнбағыстың суретін салды. Сосын Қорамсаққа саусақтарын арбита көрсетіп: — Бұл саусақтар ешқандай топтағы мүгедек саусақтар емес,-деді. Сол тұста бойын ыза кернеген Қорамсақ саусақтарын үстелдің бетіне қойып: — Мыналарды бірден шауып тастаймын,- деп кіжіне сөйледі.Келгенінен бері Батпанды иектеп, әлісін әлі оның қолын сүйіп жүрген  даяшы қыз: — Қандай керемет, батыр, давай, давай! – деп әулекілене айқайлады. — Сен өзі беске төртті қоса аласың ба? — деді Қорамсақтың көзіне тіке қарап отырған Талпын. — Жоқ болмайды, мен тоғызды жек көремін, — деді де Қорамсақ қолын жалма-жан қалтасына салып алды. Даяшы қыз иығын қомдап тыжырына қалды.Талпынның қарсы алдында кофе ішіп отырған Батпанның жанына Қорамсақ барып: - Мен ақынмын, менің тілім де ешқандай топтағы мүгедек тіл емес, дұрыстап тыңда! — деп тағы да өлең оқи жөнелді.Есіме сені аламынСары-Арқа Басымды жел бұрапКүн қақтап Сағымы алдағанУа Айшуақ қайдасың Кетпеші көлеңкеМені күнде арбағанПарсының гүлбағындағы сары таң Керек емесТалТікен Терек Самырсын СағымЕлес КөлеңкеШарбақта Қамалған Сол бозөкпеӨлеңін оқып болған Қорамсақ қалпағын басына қайта киді. Оған күле қарап отырған Талпын: — Біз дәл қазір Жерұйықта тұрмыз. — Аһ ха ха, қайдағы Жерұйық!!! Біз әйгілі «Сталинград» ресторанындамыз ғой, — деді даяшы қыз. — Сен кімсің өзі, бізді мазаламашы, — деп шытынды Талпын. — Мен суретті жақсы көремін, Франциядағы ұлы революцияны бейнелеген ана бір суретті айтам, омырауын ашып ту көтеріп шығатын әйел бар еді ғой, тура сол сияқты болғым келеді, мен батырмын! — деп кеудесін кере, Талпынға төне сөйледі даяшы қыз. — Айналайын даяшы, мен сенің кім екеніңді білмеймін, бірақ сен білуге тиіссің, мына біз буржуазиясы да пролетариаты да байы да коммунисі де жоқ бір қоғамда жасап жатырмыз, - деп Талпын орнынан қозғалақтай сөйледі.  - Мен күнді жақсы көремін, қарашы ана қабырғада ілулі тұрған алтындай сары күнді, — деп Қорамсақ тура оларға қарсы қабырғада ілулі тұрған, әлсіз сәулелерден бұлдырап көрінген күнбағыс суретін қолымен нұсқап көрсетті.Талпын маркермен салынған алма суреті жанындағы орнынан тұрып  Қорамсақ нұсқаған қабырға жақтағы алтындай сары гүлдерге толы құты қойылған үстелге барып жайғасты.Ол соңынан өзіне ілесе келген Қорамсақтың көзін сұқ саусағымен шұқып тұрып ұрса жөнелді: — Сен не, түнекте түнегің келе ме, ашуымды келтіре берме. Аспанда құсжолы ұзарып кетіпті, ол қарағаштың жанында сопайған біздің үйді өзінің сары езуіне қыстырып алған. Адамдар қолынан бостандық ала алмаған құлтемірлер, аузы үңірейген тот басқан зеңбіректер, қара дәрінің бас айналдырардай мүңкіген иісі құс керуенін шошындырып тастаған. Мезгілінен бұрын мекеніне қайтқан қаздар опық, үрей арқалап ымырттағы аспанды тіліп, бағдаршы жұлдыздарын бетке ала ұшып барады. Аспаннан ай қарап тұр күлімсіреп, аққан жұлдыздар жарық тамшысын сорғалатып өтіп жатыр.Даяшы қыз жарты құты коньяк әкелді де үстел үстіне жайлап орналастырды. — Жарайды жігіттер, мен дирмені бар, көк терегі бар, қызыл гүлдері бар бір жерге баруым керек. Мен Испаниыны жақсы көремін, ол жақта қатерлі пұқалар бар. Әлгінде аиттым, суретшімін, тағы айтамын мен тәуір суретшімін. Менің саусақтарым ешқандай мүгедектер тобына жатпайды. Маркерлерім бар міне, — деп Батпан қалтасынан бірнеше тал маркерін шығарып көрсетті де қайтадан қалтасына салып алды. — Алып қоймаймыз ба, — деді Талпын отырған орнынан түрегеліп. — Тәбетім болмай тұр, — деді Батпан жүріп бара жатып.Есік ашылды. Батпан шығып кетті. Даяшы қыз өз жұмысына кірісті. Үйдің іші тыныштыққа көшті. Талпын Қорамсаққа тост көтертіп коньяктан тартып алды да: — Ол енді келмейді. Үйткені ол суретші емес, суретшімін деп қояды, қарайгөр, — деді есік жаққа қарап, күбірлей сөйлеген Талпын. — Дұрыс айтасың, ол ешқашан диірмен үйіне барып көрген емес, түсінбеймін, ұялмастан қалай қолына қыл қалам алып бұқа салмақшы, Пикассо сияқты болмақшы, о халтрущик, — деді. — Солайы солай ғой, бірақ осы итті тез арада ұмытып кетейікші, ендігәрі оның атын ауызға да алмайықшы, келістік пе? — Иллахи да биллахи, оның атын енді атамаймын, келістім, Таке қолыңды әкел.Талпын мен Қорамсақ  қол алысып, рюмкаларын соғыстырды. — Біз қызғалдықты даланың ардақты азаматтарымыз, аталарымыз тәңірге табынған,-деді Қорамсақ. — Жоқ… -деді кониакқа шашалып қалған Талпын басын шайқап, сосын жөткірініп алды да — кеше түсімде Микеланджелоны көрдім. — Ол кім?! — деп  таңдана сұрады Қорамсақ. — Айтпадым ба, мен көрген түсті ешкім көре алмайды деп. Оның маған не дегенін білесің бе? — Жоқ әрине, менің басым сенің иығыңда тұрған жоқ қой. — Сен ғана марсқа бара аласың деді. — Марсқа менде барамын, — деді Қорамсақ қолындағы коньиякін жұтып, ерінін жымырып. — Сен иттің баласы мен көрген түсті көрмесең ол жұлдызға қалай жетесің. — Біз марсқа кетпес бұрын тас бетіне жазылатын еңбегімізді орындап бітіруіміз керек. — Ондай ескерткіш маған ғана қойылады. Менің ескерткішіме не жазылатынын білесің бе?.. Сен білмейсің!  — Тас бетіне күнбағыс суретін ойдыртам! — деді Қормасақ.Талпын орнынан асықпай тұрып, көзін жұмып, басын қылжитып, алақанын Қормасаққа қарата: — Мен марсқа ұшқанда маған үлкен ескерткіш тұрғызылады, оның астындағы мәтінде: «Жер шарында жаралып, ғарышта жұлдызға айналған әулие» деп жазылады. Үйдің үлкен есігі айқыра ашылды, үй іші жарыққа толды. Есік жақта даяшы қыз билеп тұр, ол Қорамсақ пен Талпынға: — Таң атты, сағат сегіз болды, жұмыстан түсетін уақыт болды, біз де дем аламыз, сендер де қайтыңдар, давай! – деп есікке қарай иіле майысып қолының ұшымен сырт жақты нұсқап қақия қалды. — Балшабектердің заңында әйел адаммен сөз талстыруға болмайды екен, — деп сыбырлай сөйледі Қорамсақ орнынан тұрып есік жаққа беттеп бара жатып.Күні жайнап, бұлбұлы сайрап, тал-теректері сыбыр-сыбыр сөйлескен әдемі көше. Биік те саялы ағаш астындағы ұзын орындықта газет қараған шал отыр. Газеттің соңғы бетіне күнбағыстың үлкен суреті берілгені байқалады.Фото: impressionism.su
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 12:56
Тығырыққа тірелген Тұғыл
11.08.2020, 15:58
«Мәдени астана» аясында 7 шара өтеді
11.08.2020, 15:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 15:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 15:50
«Шәмші аллеясы» жаңарып жатыр
11.08.2020, 15:47
Коронавирустан 3 мыңнан астам адам емдлеліп шықты

Аңдатпа


  • 14 мыңнан аса сотталушы босатылады, Сенат рақымшылық заңын қабылдады
    02.12.2021, 15:50
  • Жастармен бірге тыныстайтын басылым
    30.11.2021, 18:08
  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00