15:10, 04 Тамыз 2021
Қамшыбек Қоңқабаев қола медаль иеленді

Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев Токио Олимпиадасының финалына шыға алмады,
91 келіден жоғары салмақта өнер көрсеткен ол жартылай финалда америкалық Ричард Торреспен жұдырықтасты.
Үшінші раундта қазақстандық боксшының қабағы жарылып, Торрес техникалық нокаутпен жеңді.
Осылайша, Қоңқабаев Токио Олимпиадасының қола жүлдесін иеленді.