Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
05:54, 29 Мамыр 2020

Қанды суға кеткен тарих

Алтай мен Тарбағатайдың, Жоңғар Алатауымен Іле Алатауының, Хан Тәңірі мен Тәңір-Таудың қос қапталына байланғантағдырының тамырынан бақыт пен сорды тел еміп жетілген қалың жұрттың, қазақтыңқормалы мен қорғанысы атанған шекаралық қауымның маңдайындағы тарих сыбағасыаса соқталы.

Сол бақ пен сордың несібесі атам заманнан бүгінгі дейінгіжазмыштың жазуымен, көшпелілер өркениетінің әр заманы ауысқан сайын, біресе асқартаулардың ол бөктеріне, біресе бұл бөктеріне алма-кезек шайқалып, төгіліп отырды.Тарбағатайдың, Алтайдың, Алатаудың қос бүйіріне кезек шайқалып-төңкерілген қаншамажансебіл тағдыр иесі өлермендікпен өмір сүріп, үрімін  жетілдірді, қаншама жанкешті жан иесі жанынпида етті, жоқтаусыз кетті.

Сол бір кер замананың кезекті бір аласапыранында,ХХ ғасырдың бірінші жартысында ел басына ұйып келе жатқан бақ тағы да шайқалды,қормалға айнала бастаған ырыс тағы да төгілді. Қасым кетті, топырақ бұйырмады,адасып, сағынып, зарығып, «елім-айлап» өмір сүрді. Бірі мұратына жетті, біріқұмығып көз жұмды. Сор да төгілді, бірақ сордың бұлағы суалмады. Алтай мен Тарбағатайдың,Жоңғар Алатауы мен Іле Алатауының, Хан Тәңірі мен Тәңір-Таудың, Тоқта-Барлықпен Бұратоланың қай бөктерінде өмір сүрмесін, олардың татқан ырыздығынан үнемі сордыңкермек дәмі шығып тұрды. Ол кермек дәм бүгінгі ұрпақтың да таңдайын ойды. Оныңтаты келер ұрпақтың да тілінен әзірше кете қоймайды. Өйткені бұл кермек дәм –қазақ тарихының ащы да тұшымды дәмі.

Ал сол асқар тауларды шайқалтып аққан заманаселіне ұшыраған, су ағызып кеткен тағдыр мен тарих, рухани тарих, өнерлі рухиелері қаншама! Міне, көне түрік ұғымында тұтасынан Алтайдан бастап, Қап тауынадейін сілемі жалғасқан Түріктің Тәңіртауы атанған (өкініштісі, көнежазбалардағы осы ұғым ХХ ғасырдан бастап тарихи-жағрафиялық картадан саналытүрде өшіріліп келеді) таудың қос қапталын жайлаған қалың жұрттың, соның ішіндемұқым шекара бойына қоныстанған қазақтың маңдайына жазылған тағдыр осы. Бірақсол бір кермек дәмін сезінген сайын, сағынышың да, құрметің де, ағайын-бауырғадеген үзілмеген ыстық кіндік сезім де үстемелей еселеп, киең боп қолдап,қасиетің боп қормалдана береді. Бұл киелі сезім, сол ұлы Тәңір-Таудың қосқапталындағы қалың ағайын-бауырдың  жүреклүпілі, бесік әлдиі, басылмайтын өмір күйі болып қала беретініне иманым кәміл.

Сол мәңгілік рух құштарлығының құлақ күйінкелтіретін де, қасиеттендіретін де, жүректерді жалғастыратын ыстық бауырмалсезімді мәңгілік өшірмейтін де – киелі өнер, ел киесі сақтаған қасиетті мұрасыныңбірі – атадан қалған асыл сөз. Заман қақтығысында тағдырдың қыспағы менқұрсауына ұшырағанда Нарын мен Қатынсу, Еміл, Лепсі, Іле өзенін қанға бояғантән ағып кеткенімен де, тәнмен қоса, тарихи жазба мұра ағып кеткенімен де, тарихағып кеткен жоқ, қазақтың рухы ағып кеткен жоқ. Қансырады, жансырады, шалдықты,бірақ кәрі тамыр қасиеттің нәрі – жас буын рух қалды. Соның кепілі – тағдырыныңөзімен тарих жазған, рух киесі қонған, ұлысына жерұйық іздеп Ауғанстан, Түркияасып, ақыры Пәкістаннан топырақ бұйырған  Асан қайғыдан бастап, кешегі Асан албанғадейінгі абыздар, тіпті одан кейінгі Қабдеш Жұмәділ мен ҚажықұмарШабданұлына  жалғасқан рух күрескерлері. Солрух күрескерлерінің ішіндегі есімі қазақ тарихымен тамырласып жатқан, тағдырыныңөзі тарихқа айналған ақын Кәрібай Таңатарұлы және оның тағдырлы мұралары.Қасиет пен кие құрбанының рухын, өлеңнің киелі ошағының отын өшірмеген тектілер– Нарын-тағдырдың зауалы мен тасқынынан аман шығып, жетілген, оның атын өшірмей– тегін тектеп, мұрасын зерттеп – сөзін өлтірмей, бүгінге  жеткізіп отырған құт қазынасы, тағдыр бесігі –қаймағы бұзылса да, қормал иіндісі сақталып қалған Тарбағатайдың қосқапталындағы қалың жұрт.

Бұған қанды суда қаза тапқанКәрібай Таңатарұлының тағдырына қатысты халық мұрасының қормалы Асқар Игенніңмына қасіретті дерегі толық мысал бола алады. Онда: «Тосқауыл кезінде Кәрібайдың«Майқы дастанын» жазуына тарихи негіз қалаған «Рисала-и-тауарих» сияқты сиреккітаптар мен оның қолжазбалары өзенге ағызылып жіберіліпті. Оның мәнісі былай. Қысымғатөзе алмаған қыруар қазақ ауылдары түп қотарыла Тарбағатайды аспақшы боп Нарынөзеніне жетеді. Ол теріскейдің қары бұзылып, оның үстіне нөсер жауып, өзенөркештене тасып жатқан кез екен. Ақсуаттан өкшелей қуған солдаттар сыбан Асанбастаған жүз шақты жігіт пен Құттықадам Жәкудаларды екі жақтан қыспаққа алып оқжаудырады. Тоқабай Сағынай мерген бастаған қолында жүз шақты мылтығы бар жайхалықтың, әрине, қарулы жауға төтеп беруі қиынға соғады. Өмір мен өлімарпалысында қалған бейкүнә ел «тәуекел» деп, өзеннен өте шықпақшы болады да,суға лап қояды. Ат көлігі жілікті, су ішерлігі барлар ғана өзеннен аман-есенарғы бетке шығады, ал ат көлігі әлсіз бір қауым ел солдаттардың ат үстінеқұрған пулемет оғының астында қалып қырылады. Бала-шаға мен кәрі-жастың қызылқаны өзен бетін бояйды. Үріккен елдің жүк артқан қалың түйелері де су бетінеаққан сеңдей аунап барып көзден ғайып болады. Осы аласапыран ішінде екі сақтианқоржын кітабын бөктерген 83 жастағы әйгілі шежіреші Маусымбай қария дақоржындағы кітаптарын Нарын өзеніне тастайды. Ең аяулысынан айырылғанынакеңсірігі удай ашып, көкірегі қарс айырылған дана қарт еңіреген күйі ақбозаттың жалына жармасып жүріп, аман-есен арғы жағаға шығады. Қарияларымыздыңайтуында, сол жолғы табиғат пен жауыздар қолынан істелген қос апат мыңға жуықадамның тіршілігін жалмаған. Қоржынымен суға кеткен сол қомақты қазына араб-парсы,түркі тілдеріндегі ертедегі аса құнды тарихи кітаптар көрінеді. Оның ішінде VІІІ-ІХғасырларда жасаған араб тарихшысы Ибни Ғаббастың «Рисала-и-тауариғы» жәнеҰлықпан Кәкімнен мирас қалған делінетін «Рисала-и, шипа-и, баянның» мәлімбөлігі мен Әбу Ғұрайданың «Рисала-и-сәуле» (яғни «Мұсакаләми алла-3-ықылымзаманауи  дәуір») атты шығармалары болғанделінеді. Өзінің келте ғұмырында талай майданда топ жарып, алты арысқа атағыжетіп, «Сөз атасы – Майқы би» сынды шежірелік дастанды, «Қаракерей Қабанбай»,«Қанжығалы Бөгенбай», «Мұрын және Байжігіт» сынды тарихи дастанды жазып,бүгінгі ұрпаққа өлмейтін енші қалдырып кеткен дарабоз ақын жат қолынан жанберіп, мәңгіге көз жұмады. Араға екі-үш ай салып ғұлама ақын Шәкерім қажы дадәл осылай өз мекені Шыңғыста қаза тапты.

Кәрібай ақынның мүрдесін қанын сорғалатып, ақынныңүлкен ұлы Құнапияның алдына өңгертіп берді. Жиырма шақырым шамасы кері қайтқансоң, қараңғы түсіп, ел жүк түсіріп тынықты. Ертесі сүйекті түйеге артып, көшҚарғыба өзеніне жеткенде соқа мен жер жыртып жатқан салықшылардың алдына әкеп:«Мына бандының көзін жоғалтыңдар», – деп, түйе үстінен Кәрібайдың сүйегінлақтырып тастады. Солдаттар жанашыр жақын мен ұл-қыздарына да топырақ сап,әкесінің бетін жасыруға рұқсат етпеді. Көшті аудан орталығына әкеп, елді бірайдан астам уақыт қамақта ұстады. Кейін білдік, Шаянбаева Мәрзия қатарлы екі-үшәйел жасырын қабір қазып, «шаһит» деп, Кәрібай ақынды киімімен жерлепті. АлҚұнапия, Секебайларды Көктерекке (Көкпекті) алдырып, сұраққа тартып, бастарынатемірден құрсау сап, ауыр жазамен қинапты», – деп әңгімелейді (К.Таңатарұлы.«Арман да арман, шын арман», Ел-шежіре. 2008 жыл).

Мені бұлай толғандырып, сөзді арыдан бастауғамойынсал етіп отырған, яғни көңілімнің құлақ күйін келтірген басты себеп – осынаубір бақ пен соры кезек төңкеріле шайқалса да, өткенді еске ала ой салған, солрух күйінің иесіне басын иіп, мұрасын мұралатып отырған қалың елдің ықыласы.Жалпы, қазақ рухының қарауылы болған шекаралық Алтай, Тарбағатай, Жоңғар, ІлеАлатауы, Хан Тәңірі аймағын, Түркінің Тәңір тауы атанған осынау бір асқардыңаясын қоныстанған жұрттың тағдыры – қазақ тарихындағы ең қасиетті, еңқасіретті, ең өміршең тарих. Олар елдігі мен ерлігі ұйып келе жатып қатал даәділетсіз заманның зауалына ұшырап, қанжығаның екі жағына кезек аударылғанторсықтай шайқалып, төгіліп отырса да, елдік мәйегін сақтап қалуы қандай да біртаңданысқа, құрметке лайық. Олардың дені арғы бетке бошалап кетсе, бергі беткеботалап қайта оралды.

Бірақ сол зауал шақтағы, яғни 1912-22, 1927-37 жылдараралығындағы ұлттық апат құрбандарының саны тірі қалғандардан басым еді. Солқұрбандардың басым көпшілігі ел ағалары мен оқыған, зиялы ақжағалылар екеніөкінішті. Көш басшысыз қалса да, бастаушысыз қалған жоқ. Шашыраған жұртын жиды,тозған елін толықсытты, Ұрпағын ойлы, бақ-талайлы етіп түлетті. Сөйтіп,тарихтың өртеңіне жасаң бітті, шалғын боп қаулап шықты. Төрт құбыласы толысты.Бірақ сол ұрпақтың мойнындағы бір парыз өтелмей келеді. Сол өтелмеген парыз өкпекжел сияқты ұлтымыздың тура өкпе тұсынан қадала азынай соғып тұр.

Тарихтың, оның ішінде қазақ руханияты тарихыныңбір әділетсіз шешімі немесе керенаулығы – осы уақытқа дейін шекаралықаймақтардың тарихы мен тағдыры, ол аймақты мекендеген жұрттың ұлттық қасиеттерімен ерекшеліктері, бақ талайы мен рухани өнері арнайы зерттелген жоқ. Қазақтарихы туралы тек Ресей тарапымен салыстырып қана тіл қатамыз. Ал Қазақ хандығықұрылған жер – осы шекаралық аймақ екенін, Моғол хандығы Қазақ хандығының алғаштербетілген, жетілген бесігі екенін жадымыздан шығарып алдық. Тек Ақсуат, Ақжар,Жаркент, Нарынқол сияқты сергек көңілді өңірдегі ұрпақтар қана кешегі күнніңрухын қал-қадерінше жекелеген тұлғалар арқылы қайталап жаңғыртып келеді. Соныңішінде Мұхтар Әуезовтің «Қилы заман» тарихи романы осы шекаралық аймақтағықалың жұрттың ортақ қасіретін баяндаған көркем эпос болып табылады. Өзге көркембаяндар сол ұлы қасірет пен күрес эпосының барлау тамырлары болып есептеледі.Осы тақырыптың өзінің басы біріктіріліп, ортақ тұжырым жасалып, әділ бағаберіліп, ұлттық санамыздың саңылауына сәуле түсірмей келе жатқаны да қандайөкініш деңізші.

    Шынмәнінде шекаралық аймақтардың тарихы – қазақтың ұлттық тарихының рухты жәнеқұрамдас бөлігі. Жоңғар Алатауының сағасы, Қазантапқан шыңының қолтығы, Жоңғарқақпасы, Алакөл, Еміл, Үржар, Мақаншы, Қатонқарағай, Марқакөл өңіріндегіүрімдердің самарқаулығы ойландырады. Шынымен де ол өңірлердің ұлы тарихы,руханият тарихын заман селі ағызып әкеткен бе? Жоқ, тек қана КәрібайТаңатарұлының шығармаларымен ғана танысқан адам сол шекаралық аймақтардыңқадымнан бастап, бүгінгі күнге дейінгі тарихын тамырлай алады. Оған текхалықтың ұйыған ықыласы мен ынтасы, сол іркіттей ірітіліп кеткен тарихты қайтаұйытуға қабілетті «бір кемел, бір кемер», бір затты азамат керек-ақ. Азамататанып жүргендер аз емес. Ахаң – ұлт көсемі Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай,«бүгіннің қамын емес, ертеңнің атар таңын» ойлайтын азамат керек. Өкініштісі, біздіңойымыздағыдай ар жүгін көтеретін  азаматаз. Қылаң береді, бірақ кемелденген, тұлғаланған тұлғаға қатпыз.

     Шекаралыаймақтың тағдыр жыршысы Қабдеш Жұмәділовтің шығармаларындағы кейіпкерлергеБақты мен Майқапшағайдан, Жалаңашкөлден бастап, Аягөз – Үшарал – Ақсуат –Көкпекті – Зайсан – Ұлан – Қатонқарағай – Өскемен – Семей аралығындағы күрежолдың бойына ескерткіш қойса деген ұсынысымды Отыншы Әлжановқа ескерткішқойылған кезде айтып, өзімізше демеушіні де, жебеушіні де атап ек. Одан беріатақталып шықпаса да, Тарбағатай өңірінде біраз игі шара жасалыпты. КәрібайТаңатарұлына жасалған нысаналы істер соның бір айғағы. Енді Алаштың ұлт көсеміАхмет Байтұрсынұлының, Міржақып Дулатовтың, Мұхамеджан Тынышбаевтың, ЫбырайЖайнақовтың, Райымжан Марсековтің, сол сапарды ұйымдастыруда жол көрсеткен СүлейменніңҚанағатының, Алаштың сардары Садық Аманжоловтың, Алаш әскерінің комиссарыЖұмахан Күдериннің, Алаш әскерінің ұйымдастырушысы әрі қолбасшысы Хамит Тоқтамышевтың,сол жолы отқа тірідей өртелген Отыншы Әлжанұлының 1918 жылғы 24 сәуір күнгіШәуешекке сапары ескерткіш арқылы тоғыз жолдың торабына қойылса, бүкіл Алаштыңбіртұтас идеясына орнатылған тұғыр боп мәңгілік асқақтап тұрары анық.

Жеке басыма келсем, әкесі Қарпыққариямен  сұхбаттас болған мен үшін елшежірешісі атанған Қарпық ағаның баласы, құрдасым, профессор МұхтарбекКәрімовтің сондай бастамалардың ішінде жүруі үлкен жұбаныш. Мен өзімді соныңқасында жүргендей сезінемін. Бұл – бір өңірге ғана қатысты емес, шекаралықаймақтағы бар қазаққа қатысты мәселе. Кеңес билігі тұсында, 1979-82 жылдары жазалаужорығының қандышелек қылмыстарын әшкерелейтін «Қилы замандағы» қырғын туралы«Бейуақ» атты архив деректеріне негізделген монография жазып, жариялап едім.Тақырыптың жағрафиялық аясын кеңітуге бұрынғы тар кезең, қазіргі ұшығы көрініпқалған қысқа  ғұмыр мүмкіндік бермеді.Алайда Ноғайбай, Шәкерім, Таңжарық, Албан Асан, Көдек, Құлманбет, ЖүсіпбекШайхысыламұлы, Қожан, Ауған, Қали, Кәрібай сияқты тағдырлы, ұлттың мәйегінұйытқан рух иелері жалпы қазақтың рухани  тарихының құрамдас бөлігі ретіндегі еселіеншісін ала алмай келеді. Өкінішті. Барлық шығармашылығы Алаштың көз аясынаұсынылған Шәкерім Құдайбердіұлының өмір, оның шекаралық аймақтағы тағдыр-талайыәлі де тылсым күйінде жатыр.

Міне, Кәрібай Таңатарұлыныңкезекті басылымына алғау сөз жазуды өтінгенде ойыма келген өзекті түйткілдеросылар.

Ал енді Кәрі-ағаңның жекешығармашылығы өміріне келсем, менің ол туралы таным жолым былай басталды. КәрібайТаңатарұлының Әсетпен айтысын ес біле бастаған тұста үйге келіп-кетіп жүретін Ауғанақынның өзінен естіп едім. Еміс-еміс есімде сақталып қалыпты. Алтыншы сыныпта өзімшесуырып салып шығарған алғашқы өлеңім осы Кәрібай ақынға қатысты болды. Ол Кәрібаймен Әсеттің айтысын қиссашы шопан Күмісбек Әбілақашұлына айтқызып, тыңдапболған соң, өзара пікір қағыстырып отырған үлкендерге қарата айтылып қалған, Әсеттіқорғағандай болған:

Алмасты насыбай деп атып алды,

Ажалды ақша беріп сатып алды.

Әсетті апиыншы еді десіп,

Айтқандар шынымен де шатылады, –

деген бір-екі өлең шумақтары еді. Өзгелер «Ақындықтансен де дәмелімісің? Сен кірісетін іс емес. Араласпай тыныш отыр» деп бетімненқаққанда, «Бұл шалдар сөз іздеп отырған жоқ. Бір-бірімен ру таластырып отыр.Әсет те, Кәрібай да ақын. Олар да адам. Сен де адамсың. Жас болсаң – жетілесің,ізденсең – жетесің. Әсетті қорғағаның дұрыс. Қане, жалғастыр», – деп, Нұрғазыағамның қайрап салғаны әлі есімде.

Одан кейін Кәрібай ақын туралы«Айтыс» жинағынан және әркімдерден азды-көпті мағлұматтар алғаныммен де, 2001жылы сонау Шығыс Түркістандағы Шәуешек қаласынан хабарласып, Кәрібайдыңөлеңдерін жинап, маған жолдап жібергенін айтқан Асқар Игеннің  қолжазбаларымен танысқан соң ғана оныңөмірбаянымен толық таныстым. Кәрібайдың, шынында да,  тағдырымен тарих жазған аса парасатты ұлтақыны екеніне көзім жетті. Жоғарыда  жазылған толғаныс сол кезде ойымды тербетіпеді. Ол ойдан әлі де арыла алмай, алғы сөзге арқау еткенім де сондықтан. Барқабілет, мүмкіндігімді жұмсап, профессор Қ.Алпысбаевқа қолжазбаны баспағадайындап беруін өтіндім. Ол өлеңдер мен дастандардың мәтінін араб қарпінен кириллқарпіне түсірді,  қысқаша түсінік пеналғы сөз жазды. Одан кейін досым, жазушы-баспагер Дидахмет Әшімхановқааманаттап тапсырдым. Сөйтіп,  «Ел-шежіре»баспасынан 2008 жылы «Арман да арман, шын арман» атты Кәрібай Таңатарұлының дастандарымен айтыстарының, өлең-толғауларының жинағы жарық көрді. Осыдан кейін Кәрібайдыңмұралары ұрпақтарының қолына жетті.

Ақынның бақытын енді солар ашадыдегендей сеніммен байсал тартқаным рас. Оның үстіне Асқар Иген де тарихи Отанынаоралып, бұл іске енді оның өзі белсене кірісер деп үміттеніп жүрдім. Әлі деүміттенемін. Оның қолында Әсет пен Кәрібайдың айтысының 4-5 нұсқасы бар екенін білемін.Ұрпақтары осы қормалды жігіттің білім-зейінін орнымен бағалап, бауырларынатартады деп сенемін. Осыдан бір-екі жыл бұрын «қабірінің басына белгі қойдық,жинағын шығарамыз, зерттеу еңбектерін жазамыз» деп, құрдасым Мұхтарбек Кәрімовбастаған, Ерлан Сайлаубай қостаған, Семейдің Абай атындағы кітапханасының ұжымыатынан бір топ зиялы азамат хабарласып еді. Жинақтың электрондық нұсқасын, соныменқоса, ХІХ ғасырда Еуропаға «қазақтың Гомері» атымен әйгілі болған Тарбағатай өңірініңзағип ақыны Ноғайбайдың өлеңдер жинағын да жолдап едім. Енді, міне, ол міндетШәкен келіннің дәргейіне ауысыпты. Сәтті жол тілеймін.

Менің ойымша, КәрібайТаңатарұлының шығармашылық бақыт ашылатын күні алда. Өйткені мұндай тағдырлыталанттардың шығармалары шаңға көміліп жатуы мүмкін емес. Ол ұрпаққа, қазақәдебиеттануына сын. Барлық көркемдік ерекшеліктерін бірыңғай қойып, тек қана«Майқы би» сияқты тарихи дастанындағы деректердің түбірін зерттеп, ғылымиайналымға түсірсек, бүгін біз жауабын таба алмай, бұлдырлау елестетіп жүргенжайлардың беті ашылатыны анық. Егер де ақсуаттық ұрпақтарының алғауымен ұлтназарына ұсынылып отырған бұл жинақ сондай бір рухани қажеттілікті өтеуге негізқаласа, кітаптың шығуына демі мен лебін қосқан барша азаматтың мақсатыорындалғаны деп білемін.

Қалың жұрттың мысын асырып, бағынкөтерген Кәрібай ақынның қолжазбасы суға кеткенімен, оның рух жазбасы сақталыпқалды. Оған осы алдағы уақытта шығатын жинағы куә.

Тұрсын ЖҰРТБАЙ,

профессор

Тегтер: