Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы әуежайын басып алу ісі бойынша сот үкімі шықты
Алматыда сот 2022 жылдың 5 қаңтарында Алматы халықаралық әуежайын басып алу ісі бойынша үкім шығарды.
Журналист Әйгерім Тілеужан, белсенді Қалас Нұрпейісов, Нұрлан Дәлібаев, Ермұхамет Шилібаев және Жанайдар Кәрменовке тәртіпсіздік ұйымдастырды, әуежайды басып алды, оның қызметін тоқтатты, ҰҚШҰ әскерлерінің келуіне жол бермеді деген айыптар тағылды.
Сот айыпталушыларға мынадай үкім шығарды:
Журналист Әйгерім Тілеужанға –4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеуге;
белсенді Қалас Нұрпейісовке – 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеуге;
Нұрлан Дәлібаева – 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеуге;
Ермұхамет Шилібаев – 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеуге;
Жанайдар Кәрменова – 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеуге.
2022 жылғы қаңтар оқиғасы кезінде Алматы әуежайын басып алу туралы істі қарау наурыз айында басталды. Тергеу мәліметтері бойынша, қаңтар оқиғасы кезінде Тілеужанова мен Нұрпейісов әуежайда «тәртіпсіздікті ұйымдастырушы» ретінде әрекет етіп, жұртты тәртіпсіздікке итермелеп, әуе кемелерінің қозғалысына кедергі келтірмек болған.
Бұл іс бойынша Нұрлан Дәлібаевқа, Ермұхамет Шилібаевқа, Жан-Айдар Кәрменовке де айып тағылды.
Айыпталушылар тағылған айыптарды жоққа шығарды.
Өткен аптада прокурор журналист Әйгерім Тілеужанды 5 жылға, сондай-ақ қаңтар оқиғасы кезінде әуежайды басып алды деп айыпталған белсенді Қалас Нұрпейісов пен тағы үшеуі - Нұрлан Дәлібаев, Ермұхамет Шилібаев, Жан-Айдар Кәрменовті 11 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.