Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
18:01, 26 Қаңтар 2022

ҚАҢТАР. ҚАРА ҚҰЗҒЫН

None
None

Қара құзғын: аты — адам, заты жын,

Қорым қазған — харам байлық, тақ үшін.

Аруаққа,

Таңда махшар болғанда,

Не айтпақсың,

Сұрағанда қаһысын?

!

Қара ордасы ақтарылды қан-жынның,

Қорғаймын деп тапты қанша жан қырғын.

Көрдік,

Тәңір түсірерін тәубеге,

Қаласа егер --

Қолымен де малғұнның!

Кетті өртеніп кеңсең, үйің кең,

Тынды!

Сөнсін десең,

Ішіңдегі у-өртіңді,

Лақтыр отқа,

Жансын түгел жанған соң,

Басыңдағы бөркіңді де ең құнды!

Күйсін,

Жансын --

Санаң әбден заттанған,

Бақ дегенің — басыңдағы боқ қалған!

Сақта құдай боқ дүниеге батқаннан!

Боқ дүниені қорғап оққа ұшқаннан!

Тәуелсіздік — тисе қолға бек тізгін,

Тәңірден туғандай боп тек түздің.

Көк бөріні көн тулақ қып көп құзғын,

Шектен шықты бетсіздігі тексіздің!

Қырқысқандар

Харам байлық, тақ үшін,

Қашқаның да, құтылмасың тағы шын!

Жазықтысың — жанып кеткен жан үшін!

Жауаптысың — аққан нақақ қан үшін!..

Тегтер: