Қапшағай әкімі ажалмен ойнап жүр ме?

Дерт дендеген қалада казино мен демалыс орындары жұмыс істеп тұр
Тұтас елдетөтенше жағдай жарияланған екі айда Қапшағайдағы коронавирустың таралуы 2,5пайыздан аспаған еді.
Маусым айының басында індет жұқтыру 4,9 пайызға жетті. Облыстықбас санитар 5 маусымда карантинді қайта күшейтіп, шомылу маусымын кейінгеқалдырды. Радикалды шаралардың арқасында індет қарқыны бәсеңси бастаған. Бірақоблыстың бас санитары Қайрат Баймұхаметов 10 шілдеде қайтыс болысымен, Қапшағайдаіндет бұрынғыдан бетер құтыра жөнелді. Бүгінде шағын қалада қауіпті вирустыңтаралуы ресми дерек бойынша 9 пайызға жеткен. Жағдайдың дәл осылай ушығуына несебеп болды? Індет өршіп тұрғанда, Қапшағай қаласының әкімі неге ауысты?Облыстың бас санитары шектеу қойған құжаттың казиноға келгенде неге қауқарыжоқ? Індетке тосқауыл қою үшін не нәрсе жеткіліксіз болып тұр? Біз осы сұрақтартөңірегінде ой қозғауды жөн деп санадық.
Алдымен 61мың тұрғыны бар қаланың ішкі жағдайына үңіліп көрейік. Қапшағайда орта білімберетін сегіз мектеп, он шақты балабақша, түрлі кәсіпорындар мен әскери бөлімшелер,сауда орталықтары, базарлар, демалыс үйлері мен казинолар жұмыс істейді.Сырттай қарағанда сапырылысып қайнап жатқан ірі елді мекен. Алматы қаласынажақын әрі тіршілігінің мегаполиспен тығыз қатысты екенін ескерсек, қауіптівирустың емін-еркін жайлауына таптырмайтын өңір екенін байқайсыз. Яғни әу бастан тоғызжолдың торабындағы осы қалаға қатты назар аудару керек еді. Облыстың бассанитары Қайрат Баймұхаметов тиісті шараларды дер кезінде қабылдады. Карантиндікүшейтіп, теңіз жағалауындағы демалыс үйлерін, казинолардың жұмысын тоқтатты.Бірақ өзі сол кезде індет жұқтырып алып, бақылауды күшейте алмай қалды.
Содан сәлбұрын облыс әкімі Қапшағайға Нұрлан Құматаев деген жаңа әкімді тағайындағанеді. Пандемия кезінде әкімді ауыстыруға қандай қажеттілік болғаны тек өзіне ғана мәлім. Қала шаруашылығын бұрыннанбілетін әкім ауысты. Облыстың бас санитары ауыр халде ауруханада емделіп жатты. Дәл сол ұрымталсәтті Қапшағай қаласының бас санитар дәрігері Амантай Қамаубаев пен жаңа әкімНұрлан Құматаев жеке бас пайдасына жаратып кеткен секілді. Өйткені облыстың бассанитары шығарған қаулыға сәйкес, теңізге және жағажайы Қапшағай көліне шығатындемалыс орындарына қонақ қабылдауға тыйым салынған еді. Бірақ бұл қаулының күшіқағаз жүзінде қалды да, қызметін тоқтатуы тиіс демалыс үйлері жұмысынжалғастыра берді. Теңіз жағасындағы Marina club, Marina del сияқты демалысүйлері ашық түрде клиенттерді қабылдаумен айналысты. Бұл жағдайды қала әкімі НұрланҚұматаев пен бас санитар-дәрігер Амантай Қамаубаев білмеді деу, тіпті, мүмкінемес. Журналист Александра Алехова жүргізген зерттеу барысында әлгі демалысорындарының жұмыс істеп тұрғанын анықтап, Қапшағай қаласының бас санитарыАмантай Қамаубаевқа хабарлағанын жазады. Оған санитар-дәрігер «қазір тексеружіберіп анықтаймыз, шара қолданамыз» деп уәде береді. Ертеңіне демалысорындарына қайта телефон соққан журналист ешқандай өзгерістің болмағанын,демалыс үйлерінің әдеттегідей қонақ қабылдап, жұмыс істеп жатқанын жазады.
Тіпті облыстыңбас санитары Қайрат Баймұхаметов қайтыс болғасын, Қапшағай қаласындағы Bombei,Makao, Flamingo, Astoria, Белладжио сияқты казинолар жаппай ашылып,Қазақстанның түкпір-түкпірінен құмарпаздар ағылып келе бастады. Bombei казиносынаншыққан Мұрат есімді жігіт бізге былай деді: «Ішіне кіріп көріңіздерші. Адам қаптап жүр. Казиноның ішінде ине шаншырорын жоқ. Әлеуметтік қашықтық тұрмақ, маска режимін ескеріп жатқан, ескертіпжатқан ешкім жоқ. Бұларға (казино қожайындарын немесе әкімдікті айтады – ред.)халықтың денсаулығы қажет емес. Олардың көкейін әрбір клиенттің қалтасындағыақша тесіп барады. Бұл жұрт өлмесе – өмірем қапсын. Осындайға жол беріп отырғанәкімдер де оңбаған ғой».
Біздіңжурналист екенімізді білгесін казино қызметкерлері ішке кіруге бірден тыйымсалды. Дереу атшаптырым ауланың арғы бетіне дейін күштегендей шығарып салды. Алказино ауласында көлік қоятын орын жоқ екен. Жолай Makao мен Astoria казиносында сырттай тамашаладық. Тамұқтың отындай жарқырап тұр. Бұл жерде де көліктертолып тұр. Ал қала әкімі Нұрлан Құматаев болса: «Сіз маған сұрақтарыңызды официально, жазбаша жіберіңіз. Бізқарастырып, жауап берейік», – дейді. Бұл жағдайдың апталап, әрлі-берлі хат жазысып отыратынуақыт емес екенін түсінгісі де келмейді. Қазіргі заман – ақпарат заманы. Телефонменауызша қойылған сауалға сол сәтте-ақ тақ-тұқ етіп жауап бере салуға болады. Ал«жазбаша жауап беремін» деудің артында «асықпай жауырды жаба тоқимын» дегенниеттің жатқанын қазір жас бала да біледі.
Облыс әкімініңүміт артқан жас маманы қол астындағы шаруашылыққа ие бола алмай отырғаныменқоймай, бұйрақұйрық бюрократиямен жақсылап қаруланып алыпты. Пандемия өршіптұрғанда, әрине, екінің бірі дәл бұлай жайбарақат жата алмайды. Казино мендемалыс үйлеріндегі бетімен кетушілікті бүркеп отырса, демек, қала әкімі НұрланҚұматаевтың да әлдебір мүддесі бар деугетолық негіз бар. Бірақ қандай мүдде екені бізге беймәлім. Шенеуніктер тыйымсалынған жерден тиын саууды әлдеқашан меңгерген. Бұл жерде де сондай біршикіліктің шеті қылтияды.
Ақпаратқұралдарында күнделікті жарияланып жатқан мәліметтер тура бір майдан даласынанжеткен хабар секілді. Бір жұтым ауаға зар болған қаншама қазақ дәрі-дәрмек пенқұрал-сайман жетпегендіктен, бақиға аттанып кетіп жатыр. Коронавирус кеселініңқұмар ойындары мен демалыс аймақтары орналасқан шағын қалада бірден шарықтапшығуы әкімқаралардың осындай бұра тартушылығы мен жауапсыздығынан асқынып отырдеген қорытындыға келдік.
Күні кешеҚапшағай қаласында карантин тағы да күшейтілді. 2 тамызға дейін саудаорталықтары, базар мен жағажайдың жұмысы тоқтады. Бірақ…
Қапшағай әкімі ажалмен ойнауын қояр емес.
Бет қатталып жатқанда: Бүгін де Bombei және Astoria казиносына телефон соқтық. «Біздің жұмысымыз кесте бойынша жалғасуда.Жабылған жоқпыз. Қорғаныс құралдары – қолғап пен маска тағып келіп, қонақ болыпкетсеңіз болады», – деді тұтқаның ар жағында сыңғырлаған әдемі үн. Тура біражалға шақырып жатқан әзәзілдің даусы дерсің.
Тоқтар ЖАҚАШ