Қақпақсыз қалған құдықтар
Көкшетау көшелерімен жүру күннен күнге қауіпті болып барады. Оның басты себебі көшедегі ашық жатқан құдықтар. Ал, қақпақтарын қолды қылып жатқан ұрылардың жолын кесу әзірге мүмкін болмай тұр. Бұл туралы
zhasalash.kz сайтының өңірдегі тілшісі хабарлайды.Көкшетаудың көшелерін бір кезіп өтсеңіз жабық жатқан құдықтардан гөрі ашық қалғанын көбірек кездестіресіз. Үңірейіп жатқан құдықтардың тұрғындар өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретіні айтпаса да түсінікті. Осы күнге дейін талай көкшетаулық ашық құдыққа құлап, мертігіп те қалыпты.
– Мертігіп жатқандар қаншама. Осы ашылып қалғаннан бері қаншама жерге хабарладық. Құдығымыз ашық жатыр, мына жерде балалар көп жүреді деген сияқты. Бірақ, қолға алып жатқан ешкім жоқ, – дейді қала тұрғыны Азия БАҚЫТБЕКҚЫЗЫ.Былтырғы жылы коммуналдық қызмет мамандары қала бойынша 500-ден астам құдықтың қақпағын жаңарттық деп есеп берді. Алайда, олардың 80 пайызы бүгінде ашық жатыр. Көкшетау қаласы әкімінің кеңесшісі Мырзабек МЫРЗАХМЕТОВТЫҢ айтуынша, басты себеп қақпақтардың қолды болуында.

–
Біз қақпақтарды белгілі бір тәртіппен мемлекеттік сатып алу арқылы сатып аламыз. Егер де оған бюджеттен ақша қарастырылатын болса, конкурс жарияланады.Оған шамамен екі айдай уақыт қажет, — дейді әкімдік қызметкері.
Ал, ұрылардың жолын кесу әзірге мүмкін болмай тұр. Әкімдіктегілердің болжамы бойынша, ұрылар темір қақпақтарды бөлшектеп темір қабылдау бекеттеріне жасырын жолмен тапсырып жатқан көрінеді. Ал, ұрланған пласмасса жабындылар құрылыс нысандарының иелеріне арзан бағамен сатылады екен.
Фотолар автордікі.
Тегтер:
Сайт әкімшілігі
20.08.2020, 12:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі
13.08.2020, 13:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі
13.08.2020, 10:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі
12.08.2020, 20:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 11:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі
12.08.2020, 10:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды