Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:00, 03 Ақпан 2022

Қақтығыстан елімізге қандай залал келгенін объективті қарау өте маңызды

None
None

Қаңтар трагедиясына қатысты елдегі шығын жан-жақты сараланып, елге қандай залала келгені нақты қарауы тиіс.

Бұл жайында exclusive.kz сайты өзіндік сараптама жасапты. «Жас Алаш» аталмыш сайттағы мақаланың қазақша аудармасын беруді жөн көрді. 

2022 жылдың басында орын алған оқиғалар ең алдымен Қазақстанның тәуелсіздігі мен мемлекеттігіне қауіп төндірді. Бейбіт шеруге шыққандардың ішінде лаңкестер мен бұзақылар да болғаны баршаға мәлім. Солар  қарапайым жұртты соңынан ертіп, айтқандарын жасатпаққа, сөйтіп елдің тұрақтылығы мен тыныштығын бұзуға ұмтылды.  Дегенмен, олардың ойлары жүзеге аспады.  Қазір қоғам  сол аласапыраннан кейін енді ес жинай бастады. Тәртіпсіздік кезінде бұзақылар мен лаңкестерді басу үшін, күштік құрылым қатал шараларды қабылдауға мәжбүр болды. Осының бәрін өз көзімен көргендіктен,  қарапайым тұрғындар қаңтар оқиғасын қорқынышпен еске алады. Жұртшылық сол бір үрейлі күндерді ұмытпақ емес.    

Бұл тұрғыдан алғанда ұзақ уақыт бойы өз Отанының бейбіт және тұрақты дамуын мақтан тұтқан қазақстандықтардың экономикасынан бастап, психологиясына дейінгі барлық аспектілері саралануы тиіс. Қақтығыстан  елімізге қандай залал келгенін объективті қарау өте маңызды екені айта кеткен жөн. Мұндай шығындарды бағалау бізге өмірдегі басымдықтарды қайта қарауға, оны жаңа жолмен анықтауға мүмкіндік береді. Өйткені, осындай сілкіністен кейін өмірге басқаша қарап, бұрын қарапайым көрінген құндылықтардың мән-маңызын түсіне бастағандай боламыз. Соны қадірлеуге ұмтыламыз.

Біріншіден, адамгершілік тұрғысынан қарайтын болсақ, біздің қоғам орны толмас қайғылы жағдайға тап болды. Өйткені, одан көп адам зардап шекті.  Алдын ала ресми мәліметтерге сәйкес, қаңтардың сол бір күндері қайтыс болғандардың саны екі жүзден асты. Олардың барлығының өлімі қаңтар оқиғасымен байланысты. Арнайы комиссия мән-жайды әлі де анықтап жатыр. Сондықтан, бұл сан әлі де артуы мүмкін.

Бұл ұшақтың немесе пойыздың соқтығысуынан емес, полиция мен наразылық білдірушілер арасындағы қақтығыс нәтижесінде болған  адам шығыны. Оның көлемі аз емес. Құрбан болғандардың бірқатары ол жерге кездейсоқ барған болып шыққан. Әдейі барған күннің өзінде олар өздеріне оқ атылады, деп мүлде ойлаған жоқ. Қазақстандағы қаңтар оқиғасын Қырғызстан мен Украинадағы осыған ұқсас баскөтерумен салыстырсақ, ол жерде құрбан болғандарды саны бізге қарағанда  аз болды. Мысалы, 2014 жылғы Киевтегі соңғы «мақтаныш төңкерісі» «аспандағы жүз» ретінде есте қалды. Бұлай деп аталуының себебі бар. Сол кезде жүз адам қайтыс болған.

Біздің қоғам қайғыдан әлі арылып болған жоқ. Адамдардың қазасы  бұқараға ауыр тиді.  Әрине, қалыпты тыныс-тіршілікке ену үшін біршама уақыт керек. Болған жайтты  зерттеп, саралай келе халық болған оқиғаға өз бағасын бере жатар. Бірақ бұл да «1986 жылғы Желтоқсан» оқиғасындай қазақстандықтардың жадында мәңгі сақталатыны сөзсіз.

Дегенмен, қаңтар оқиғасы Қазақстанның халықаралық аренадағы беделіне соққы болып тиді. Отыз жыл бойы  мемлекеттің серпінді дамып келе жатқан елдің имиджін қалыптастырып келе жатқаны баршаға аян.  Танымал сыншылардың өздері осындай пікірде болды. Олар Қазақстан алдына қойып отырған өршіл мақсаттарына қайткен күнде де қол жеткізе алады деп сенді.

Шетелдік компаниялар болса, орасан зор инвестицияны өздерін қорғай алатын елге ғана салады. Әрине, олар  бірінші кезекте бейбітшілік пен тұрақтылықты қалайды. Осының бәрі ел экономикасына әсер етпей қоймайтыны анық.

Өкінішке қарай, қайғылы оқиға елдің жоғарғы бизнес-элитасының әлеуметтік аражікке көңіл бөлмегенін көрсетіп берді. Яғни,  айына 50 мың теңгеден де аз табыспен күн көріп отырған қарапайым халықтың мәселесін ашып берді. Үкіметті есепке алмағанда, бай-манаптар жәй тұрғындардың тұрмыс-тіршілігінен мүлдем бейхабар. Тіпті олардың болар-болмас тиынға өмір сүріп жатқанын білмейтін болып шықты. Кез келген қоғамда осы бағыттағы  тұрақтылықты әртараптандырылған орта  қамтамасыз етеді. Бұл бай мен  кедейдің арасының алшақтап кетпеуіне септігін тигізеді. Бұлай болмаған жағдайда тепе-теңдіктің бұзылып, соңы орны толмас осындай жайттарға әкеліп соғады.

Халықаралық бизнестің кез келген тәуекелдер мен қауіп-қатерлерді мұқият зерттейтінін көпшілік жақсы біледі. Себебі, олар инвестицияларынан айырылып қалудан қауіптенеді. Соған байланысты ахуалы күрделі  аймақтардан аулақ болуға тырысатыны түсінікті жайт.  Енді біздің елімізге инвесторлардың сеніміне ие үшін қайта еңбектенуге келеді. Бұдан былай  шетелдік компаниялар  Қазақстанның мемлекеттік органдарының статистикасын елемей, өздері жүргізген  әлеуметтік зерттеулерге  сүйенуі мүмкін.  Сонымен қатар, шет жерде  «Боратыстанның» төңірегіндегі дау-дамай басылмай жатқанда, оған  «қанды қаңтар» оқиғасы келіп қосылды. Енді шетелдіктердің Қазақстан туралы не ойлайтынын өзіңіз бағамдай беріңіз.

Егер Еуропарламенттің Қазақстандағы оқиғаларға қатысты 20 қаңтардағы қарарына сүйенетін болсақ, біздің елге санкциялар салынған жағдайда, қомақты қаржы бөлетін  еуропалық халықаралық құрылымдар бірқатар инфрақұрылымдық бағдарламаларды тоқтатуы мүмкін. Қазір ондағылар  осылай деп жобалап отыр. Бұл қарар еуропалық бюрократиялық құрылымдардың Орталық Азия аймағындағы демократияны дамытуға көмектесуге деген альтруистік ұмтылысына ғана негізделуі екіталай. Ал, бұл   Қазақстан үшін мүлдем тиімді емес.  Себебі, аталған құжат іскерлік келісім  жасау кезінде қысым көрсету құралына айналуы әбден мүмкін.

Қаңтар оқиғасынан кейін Қазақстанның халықаралық аренадағы жағдайының күрделене түсетіндігі көп ұзамай байқала бастайды. Дегенмен, мемлекет басшысы мен үкімет ел беделіне нұқсан келтірмеудің барлық амалын қарастырып жатыр.   Мәселен,  осы аптада өткен «Орталық Азия –Қытай» және «Орталық Азия –Үндістан» саммиттерінде, республика президенті осы болған жағдайға қарамастан, Қазақстандағы халықаралық инвесторлардың құқықтары  мен салымдарының толық қорғалатындығын еске салды.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері жетекші әлемдік державалармен ынтымақтастықты дамыта отырып, көпвекторлы сыртқы саясатты дәйекті түрде ұстанып келді.  Ал,  ҰҚШҰ бітімгершілік күштерін шақыру біздің еліміздің ұстанымына  қаншалықты әсер етті деген сұрақтың жауабын  Қазақстанның халықаралық аренадағы іс-әрекетінен іздейтін боламыз. Бұл біздің бүкіл дипломатиялық корпусымыз үшін үлкен сын-тегеурін болып табылады. Енді ол бұрынғыға қарағанда көбірек шиеленіске тап болуы мүмкін. Сондықтан, табандылық танытудан басқа амалы жоқ.  

Көпвекторлы саясат — ашық экономика мен қашық оғам құрудың бірден-бір  жолы екенін отандық сарапшылар жақсы біледі. Ал,  шетелдік сарапшылар үшін бұл аксиоманы енді бірнеше рет дәлелдеуге тура келеді.

Қаңтар трагедиясының зардабы әлі де есептелу үстінде. Тәртіпсіздіктен әсіресе, кәсіпкерлер запа шекті. Сондай-ақ, оған сол күндері интернетті  бұғаттап тастағаннан келген шығын мен  әлемдік қор биржаларындағы қазақстандық компаниялардың шығынын қосу қажет. Қазір мемлекет ұлттық валютаның құнсыздануын  тежеп отыр. Бірақ теңгені ұстап тұруға жұмсалатын қаржының қай уақытқа дейін жететіні әзірге белгісіз.

Сарапшылардың айтуынша, Қазақстан экономикасының қарқынды дамуының негізі болып табылатын арзан және «ұзақ мерзімге» несие алу мүмкіндігі азаяды. Осылай жалғаса берсе, әлеуетті кредиторлар аясы қысқарады. Таңдау болмағандықтан, Қытай Халық Республикасы сияқты санаулы елмен жқмыс істеуге тура келеді.    

Қалай болғанда да, болған оқиға мемлекетке де, қоғамға да ащы сабақ болды.  Әлеуметтік аражіктің алшақтығы мен  қарапайым халықты әлеуметтік қолдауға немқұрайлы қарау бүкіл елдің болашағына қауіп төндіретінін көрсетті.

Тегтер: