Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:24, 08 Ақпан 2021

Қар құрсауында қалған 11 адам құтқарылды

None
None

Қарағанды облысында соңғы тәуліктерде ауа райы құбылып, кей жерлерде алай-дүлей боран соғып кетті.

Сондай-ақ жылымық күн райының салдарынан көктайғақ орын алып, көлік қозғалысы қиындап кетті. 7-8 ақпанда қолайсыз ауа райының салдарынан Қарағанды облысының басым бөлігіндегі жолдар жабылып,қозғалысқа шектеу қойылған.

Алайда алыс жолға шығып кеткендер арасында қауіпті жағдайға тап болып көмек сұрағандар көбейген.

Екі тәулік ішінде ТЖД мамандары қар құрсауынан шыға алмай "Қарағанды — Аягөз- Бұғаз" автожолында рульді басқара алмаған автокөлік жүргізушісі жол шетіне шығып кетіп, аударылып қалған. Жол көлік оқиғасынан абырой болғанда ешкім зардап шекпеген. ТЖД көмегімен көліктегі 3 адам құтқарылып, Қарқаралы қаласына жеткізілген. 8 ақпанда сағат 02.50 де Қарқаралы ауданында жергілікті маңызы бар  «Аманжолов — Аққора» автожолында Қарқаралыдан 60 шақырым жерде Төтенше жағдайлар қызметінің күшімен қар құрсауында қалған екі жеңіл көлік шығарылды. Екі көлікте 8 жолаушы болған оның ішінде үшеуі бала. Төтенше жағдайлар мамандары облыс аумағында алай — дүлей боран соғатынын үздіксіз ескертуде. Сондай-ақ мамандар жолдың жабылуына қатысты ақпаратқа құлағдар болып жүруге кеңес береді. Төтенше оқиғаға тап болған жағдайда 112 телефонына қоңырау шалып, көмек сұрауға болады.

Тегтер: