Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:05, 13 Шілде 2022

Қарағанды билігі қаланың төріне Алаш қайраткерінің сөзін ілуге неге құлықсыз?

None
None

«Қазаққа қызмет қылмай қоймаймын!»

Қазақ үшін азаттықты аңсап өткен сол жолда құрбан болған Алаш қайраткері Әлихан Бөкейханның осы сөзін бүгін әр қазақ есте сақтай жүрсе артық болмас еді.

Ел мен жұрттың қамы үшін басын қатерге тіккен асылдарымызды ұлықтап, ұрпақ есімін ұмытпайтындай дәріптей жүрсек ұтарымыз көп.

Тым құрыса ұялы телефонға телміріп, намыс пен рухани байлықтың не екенін ұмытып бара жатқан жас ұрпаққа ұлт үшін барын салған арыстардың атын ұмыттырмайтындай шара жасала берсе, тақиямызға тар келмес еді.Қарағанды қаласының орталық көшесінде, жұрт шаһарға келіп түсетін вокзалдың дәл жанында тұрғындар «гармошка» деп атап кеткен көп қабатты тұрғын үйдің төбесінде орыс тілінде жазылған қанатты сөз жарқырап тұр. «Караганде образцовый порядок высокую культуру» деп жазылған қанатты сөз жұрнағы да кеңестік дәуірден қалған. Қарағанды қаласының белсенді азаматтары осы сөздің орнына Алаш қайраткері Әлихан Бөкейханның «Қазаққа қызмет қылмай қоймаймын!» деген сөзін жарқыратып жазып қойса деген ұсыныстарын білдіріп келеді.

Қоғам белсендісі Ержан Әділ «бұл бастаманы екі жыл бұрын қала билігіне жеткізген едік» деп мәлімдеді. Алайда, қала билігінен бұл бастамаға қатысты құптаған немесе қарсы болғандығы жөнінде ресми жауап берілмей отыр. Тұрғын үйдің маңдайшасындағы сөзді өзгерту үшін биліктің жылдар бойы ойланып отыруы көңілге қонымсыз болып тұр. Тәуелсіз елде ресми тілде жазылған сөздердің көзін құртып, қазақы тәрбие мен рухты көтеретін қанатты сөздерді көрнекі жерге көп іліп, дербестік танытудың кезеңі де кезегі де баяғыда келді. Әзірге үндемеуді жөн көрген Қарағанды билігінің құлағына алтын сырға...

Тегтер: